Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Шәкәрім Құдайбердіұлы өһмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезі қоамдағы саяси, әдеби мәдени рухани өзгерістерімен ерекше, Ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы жаңа толқын легі әдебиетке өз үнімен, өз бояуымен, өз өрнегімен келді. Сол лектің алдыңғы қатарындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың әдеби, мәдени өміріне мол мұра қалдырған ақын. Шәкәрім шығармалары өлең, поэма, ән, аударма, қара сөздер, әңгімелерден, сондай-ақ философиялық туындылардан тұрады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қызақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген, Абайдың немере інісі, Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған Құдайбердінің ұлы. Шәкәрім әкесінен жастай айырылған соң, атасы Құнанбай жетімдік тауқыметін көрмесін деп, бауырына басып еркін өсіреді. Сол себептен болса керек, жастықта серілікке үйір болып, домбыра, гармонь тартып, саят құрып ойын-сауықпен өткізеді. Болыс болып ел басқарады.

Ақынның жастық, махаббат туралы жазған жырлары дабар. “Жастық туралы”, “Шын сырым”, “Серігім жалғыз әупіш қасымдағы”, “Жарымды жаным сүйді, асүйе алмай тәнім күйді”т.б. өлеңдерінде ыстық сүйіспеншілік, шын таза сезім жырланады.

Көңілде сәулемсің,

Көздегі нұрым-ау.

Ақылды астыртын

Ұрлаған, ұрым-ау.

Өмір бойы өртеніп жүргенімше,

Не өлтір, не тірілт,

Осы шын сырым-ау.

(“Шын сырым”)

Жастық шағында ойын-сауықпен жүріп домбыра, гармон тартып, саяткерлік жанына тұтады. Кейін бекзат өнерден бас тартып, Абай мектебінің рухани бұлағына бет бұрады.

“Жаратылысты, адам, қоғамды жасынан Абайша тануға тырысқан, болмыстағы шындықты абайша бағалаған балғын жас өз бетінше білім алуға, өз бетінше өрістеп, ақындық болжам айтуға жедел машықтанады. Кейінірек Абайдың даналығы мен сезімталдығын да лирикасына арқау етті. Ақыл – ойы гуманистікпен толысқан, тарих ағымының шексіз екеніне қаныққан, туған жұртын сол келісімді тарих ағымынан орын алуға шақырған ірі ойшылды көрдік”(Шәкәрім. Шығармалары. – А.,1988.)

1897 жылы жазылған “Жастарға” деген өлеңінде ол ұстазы ақылшысы Абай дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетті.

Шәкәрім мұрасының қомақты саласы – поэмалары. Ақынның “Еңлік — Кебек”, “Қалқаман — Мамыр” дастандары қазақ елінің тұрмыс, тарихынан жазылған. “Ләйлә -Мәжнүн” дастаны нәзира дәстүрі негізінде шығыс аңызы желісімен шығарылған. “Ләйлә -Мәжнүн”, “Еңлік — Кебек”, “Қалқаман — Мамыр” дастандары – сүйіспеншілікті, адал махаббатты, таза сезімді жыр еткен шығармалар.