Егемен елдің еркін баспасөзі.

Кез келген елдің өндіріс байлықтарын өзге елдерге паш ету үшін ең алдымкн баспасөзі бай болуы керек.Олай болса республикадағы басылымдарға зер салайық.1991 жылдан,еліміз егемендік алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым беттерінде де біртелай өзгерістер болғаны белгілі.Осы уақыт аралығында олардың аттары өзгеруінен бастап,қатарлары да көбейді деуге болады.Егемен елдің еркін баспасөзі дегенде бұл тақырыпты жалғыз емес,тіпті екі жолмен – байырғы басылымдар және кейін қосылған тәуелсіз басылымдар деп атауға болады.Мысалы, “Азат”, “Желтоқсан”,”Алаш”сияқты қазақ және орыс тілдерінде шығатынбасылымдарды да атауға болады.

Алдымен қазақ тіліндегі басылымдарды 1991-1995 жылдарда жарияланған материалдарды,айдары бойынша салыстырар болсақ,онда 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап шыға бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің органы “Халық кеңесі ”газетін атауымызға болады.Ол өз беттерінде тек Алматы облысы бойынша ғана 1990 жылдан бері қрыққа жуық басқа ұлт өкілдері ислам дінін біржолата қабылдағандықтары туралы жазды.

Әу бастан халыққа жастар басылымы ретінде танылған “Жас алаш”газеті 1922 жылдың наурыз айының 22 нен бастап ,күні бүгінге дейін өзінің лайықты жалғасын тауып келеді.1992-1993жылдарға дейін негізінен жастар мәселесін көп жазып келген бұл ұлттық,тәуелсіз,қоғамдық – саяси басылым1993 жылдан кейінгі кезде елдің тарихы мен ұмыт қалған азаматтарына,жер мселесі мен саясатқа басты назар аудардара бастаған.Осыған орай “Саясат”айдарымен іргелі материалдар беріліп жүр.

Сондай-ақ “Алаш — ақпарат”бөлімі “Московские новостиден” шетел және ТМД елдерінің президенттерінің кездесулерімен олардың қызметтері жайлы көптеген аударма материалдар жазылып отырады.

Бұдан басқа, “Жас Алаш”газетінде “Қазақтың қысқаша тарихы ”деген тақырыппен қазақ халқының ьпайда болуы,ұлт ретінде қалыптасуы,даму кезеңінен көптеген мәліметтер беріледі. Осы тақырыппен мұнда бұрынғы Одақ көлемінде қазақ әскерлері жасақталып,съездері өткізілгіндіктері,олардың көпшілігі ұлт азаттық жанжалдар мен территориялық даулар туғызып отырғандықтары жазылады.

Осындай бұрынғы шығып кеое жатқан айтулы басылымдардың қатарына соңғы кездері шыға бастаған “Заң”, “Түркістан”, “Сұхбат” ггазеттерін де қосуға болады. Мәселен қазақ және орыс тілдерінде шығатын саяси – экономикалық “Сұхбат ” аптылық газеті 1990 жылдың қаңтар айында дүниеге келіп,,кіндігін кескен. Редакторы Сабыржан Шүкірұлы..

Ал “Түркістан”газеті болса 1994 жылдың қаңтар айнының 28 нен бастап шығып келеді.Бұл халықаралық тәуелсіз апталық басылым. Редакторы Құлтай Мұхамеджан.

“Егемен Қазақстан”газеті 1919 жылдың 17 ші желтоқсанынан бастап шығып келеді.Ұлттық,қоғамдық – саяси газет.Редакторы Нұрлан Оразалин. Бұл басылыммен қатар 1920 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығып келе жатқан “Казахстанская правда” газетін де айта кеткеніміз жөн. Екі газетің де құрылтайшалары да Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті.

Республикамызда бүгінгі таңда жарық көретін негізгі басылымдардың мән – мазмұнын, бағыт – бағдары осындай. Заман,уақыт жылжуына байланысты барлық газет журналдардың да беттері өзгеріске ұшырағаны да белгілі.Айталық 20 жылдардағы басылымдардың негізгі мақсаты халықты сауаттандыру болса,қазіргі кезде саясат,нарық,экономика мәселелері бірінші кезекке шыққан.