Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде газет журналдар да халықты қоғам өмірінде болып жатқан күнделікті жаңалықтар мен, яғни ақпарат хабарлармен қамтамасыз етуде ерекше қызмет атқарады.олардың ішінде әсересе бүгінгі таңда жекеменшік әрі тәуелсіз басылымдарға да үлкен өміт артылып отырған сияқты.Өйткені олар ешкімге алаңдамай,шындықты ашып жазуға,ешкімнің ықпалынсыз ойын еркін жеткізуге құқылы.Қазақстанда да осындай алғашқы басылымдар 1985 жылдан бастап шыға бастаған болатын.
Біз әсіресе солардың ішіндегі белдісі де бірегейі,философия ғылымының докторы,профессор,Алматы мемлекеттік медецин,а институтының кафедра меңгерушісі – Алдан Айымбетовтың орыс тілінде шығатын “Казахская правда” газеті дер едік.1993 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған бұл басылымның редакторы,құрылтайшысы да бірақ адам.
Негізінде ол өз газетінле саяси мәселелерге көбірек көңіл бөліп,баспасөздің де,теңгенің де,басшылардың да, халықтың да жайын әңгіме етеді.
“Казахская правда”қазақ ұлтына бірден – бір жанашырлық танытып отырған басылым. Сондықтан да газет қазақтар мен Қазақстанда тұратын өзге ұлттар арасында алауыздық туғызғысыкелетін басылымдарды өз тарапынан үнемі жөнге шақырып отырады.Әсіресе “Караванмен”көп бет шайқасып,оның құрылтайшысы Гиллер мен редакторы Мельцерді әрбір шалыс басқан қадамдары үшін түйреп қалуға тырысады.
Мәселен Б. Бегловтың “Караван” қайда тұрады ? ”, Ш.Исрайловтың “Караванның” аузы неге көпіреді ? ”, А. Айымбеторвтың “Гиллер өзіне сенеді ”, деген мақалалары осындай материалдар қатарына жатады.
“Казахская правда” біркездері өһзі су ішкен құдығына шөлі қанып,есін жиған соң,кекірік атып түкіре бастаған Жириновский сияқтыларға леғнет айтады.
Бұл басылым қазақ халқының қасіретті дертінің біріне айналған “Семей — Невада” жағдайына да жанашырлықпен қарайды.Өзінің кезекті бір нөмірінде сол қозғалыстың атын жамылып ашылып отырған заңсыз қоғамдар,кім көрінгеннің қолында желге ұшып кеткен ақша жайын нақты фактілер келтіре отырып : “1992 жылғы Невада – Семей Акциноерлік Қоғамы “Амулет”дщеген шағын кәсіпорынның атына жиналған қаржыны ядролық жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарға,көмек көрсету үшін Семей полигонының ауданындағы жерлерді қалпына келтіру мақсатында жұмсаймыз деп жар салды.Сөйтіп, 170 миллион 490 мың теңге жинап алды.Бірақ, осыншама ақшаның жоғарыда аталған “Невада — Семей” Акционерлік Қоғамының есебіне 111 миллион 390 мың сом ғана келіп түскен.Сөйтіп,ақшаның 58 мың 752 теңгесі ғана көзделген мақсатқа жұмсалған. Ал, Семейліктерге болса, солардың атынан солар үшін жиналған қаржының бір теңгесі де тиген жоқ”, — деп ашына жазды.
Міне,жоғарыда келтірілген бірқатар нақты мысалдардан ақ “Казахская праыда”газетін өзіндік бағыт ұстаған,тек шындық мәселелерді жариялауға ғана талпынатын, “халықтың көзі мен құлағы, үні” болуға тұрарлық басылым деп бағалауымызға болатын сияқты.
Тәуелсіздікке қол жетіп,егемен ел атанғанымыздан бері тәуелсіз басылымдардың да бірте – бірте көбейіп келе жатқандығы да белгілі.Солардың жаңа бір легі ел аралық “Заман — Қазақстан” және “Түркістан”газеттері.
“Заман — Қазақстан”газетінде саясит мәселелер көп жазылды. Оның соңғы нөмірінде (1995 жылғы ) Ресейдің Шешенстанға жасап отырған зорлық – зомбылықтары туралы бірталай материалдар жариялаған. Мәселен, “Шешенстан – екінші Ауғанстан”деген мақалада бұл шиеленске еш қатысы жоқ Ресей жерінде әскери борыштарын өтеп жүрген қазақ жауынгерлерінің де Шешенстаннан табылып,алғашқы қайғылшы хабарлардың жетіп үлгергенін ашына жазады.
“Түркістан” 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шығып келеді.Ол ә дегеннен ақ ел ертеңін ойлауға шақыратын елеулі материалдар жариялаумен көзге түсті.Мәселен : Ж. Қуаншалиннің “Ертеңгінің тағдырын бүгінгінің ар иманы шешеді” деген мақаласы жер сату мәселесіне кері әрі дұрыс пікір білдірген көптеген ойлардың тоғысқан жері.
Сондай ақ, бұл газет дін мәселесіне көп көңіл бөледі. Өйткені, діни тәрбиені ұлы Абайдың өзіде бір кісідей қолдаған ғой.Бірақ, ол діни фанатизмге,соқыр сенімге,дін бұзар дүмше молдаларға үзілді – кесілді қарсы болып,таза дінді,сауаттылықты қолдаған.Бұл орайда Шыңғыс қажы Зұқабатырдың ислам дінінің ерекшеліктелі туралы әңгіме ететін “Дүниеде шапағатын шашқан күн” атты мақаласын атап өтуге болады.
“Түркістан”газеті сондай – ақ халық арасында анкета жүргізіп,түрлі мәселелерге байланысты оқырман пікірін жариялап отырды.Сондай анкеталардың бірі “Президент Нұрсылдан Назарбаев туралы не ойлаймыз ? ” деп аталады.
Осыдан да болар, біздер өз мемлекетімізде тәуелсіздіктің алғаш қарлығаштары ретінде шыға бастаған осы басылымдардың болашағынан үлкен үміт күтеміз.