Ең алдымен 1986 жылғы желтоқсан ақиқаты алғаш баспасөз бетінде қалай жария етіліп,түсіндірілгенін еске алайық.Барлқ материалдар бір жақты сипатта болды.Алматыдағы оқиға туралы алғашқы мәліметті бұрынғы Кеңес Одағының телеграф агенттігі желтоқсанның 18 – жұлдызында хабарлады. Жай ғана “Алматыдан хабар” деп аталған шағын материал бұған дейін баспасөз бетіне шығып көрмеген тосын оқиғаны таратқан.Оны жарыса қайталағандардың ішінде өкінішке орай көптеген қазақ газеттері де бар болатын.Одан кейін орталық баспасөз желтоқсан оқиғаларын жіліктеп шағып, өздерінше “ақ — қарасын”ашып берген “сүбелі”материалдар ұсына бастады.
Ол басылым беттерінде негізінен Алматы көшелерінде байқалған ұлтшылдық көріністерге кінә тағу,сөгу,ал тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды міндетті түрде табу,ұстау,соттау керек деген пиғылдар ашық айдын айтлып жатты.Ал заң жүзінде бұл міндетті сол кездегі халық соттары онсызда қамшы салдырмай орындау үстінде еді.
1987 жылғы қаңтардың бірінде “Литературная газетада” жарық көрген марқұм Ә Әлімжановтығ “Алматыда не болды ?”деген мақаласына көңіл аударалық. Онда өкінішке орай: “Уақыты келгенде Алматыдағы оқиғаны ұйымдастырушылардың кім екенін білетін сәттің туатынына мен сенемін,шүбәсыз сенемін…Халық, мен өзінің ұлы болып саналатын халық республикада тұратын қазақтар мен басқа да халықтардың арасына баспалап келіп, сенімсіздік ұрығын сепкісі келгендердің түрін де аты жөнін де білуге тиіс.Біздің бағдарламамызды кімдердің алдағанын білетін күн де келеді.Өтірік және өсекпен, оларды студенттік жатақханалардан алып шығып, қолдарына дұшпандық,сауатисыз транспоранттар ұстатып,өздері бас сауғалап қалғандарды әлі білетін боламыз”, — деп жазды автор.
Одан кейін бұл пікірді араға екі пата салып шыққан нөміріндегі “шындық сабақтары” атты мақаласында газеттің меншікті тілшісі А.Самойленко іліп алып, онан әрә “данышпандықпен”өрбітеді. Ол : “Көп жастар жазасын алды,комсомолдан шығарылды,правоға қарсы әрекеттері үшін оқу орындарынан қуылды, біразының бұзақылығы,жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін істері сотта қаралатын болды.Әрине,тәртіпсіздіктердің басшыларын,ұйымдастырушыларды іздестіруді табанды түрде жедел жүргізу керек”, — деп шешендік танытты.
Шындығын айту керек,осы орталық басылымдардың беттерінде жарияланған материалдарда бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда бір жақты,көлеңкелі,қаракүйелі тұстары басым болғанмен қатар,оқиғаға байыппен қараға деген ұмтылыс,мәселенің түп төркінін әлеуметтік жағдайлардан іздестіру деген талпыныс та болды.Алайда ең басты мәселе жастардың алаңға неге шыққанына келгенде авторлардың барлығы да оларды біреулер айдап салды деген жалған тұжырыммен шектеліп қалды.
Республикада 100 – ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратынына қарамастан, қазақ астанасында қаланың жоғары оқу орындары мен техникумдарында оқитындардың басым көпшілігі жергілікті ұлт өкілдері екендігіне назар аудармады.Жатақханада студенттердің ұлттық белгісіне қарай орналасуына ұсақ-түйек деп қарады”.
“Правда”газетінің пікірінше ,оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін мектептер мен балабақшалар аз емес екен.Барлық жерде оларды ашу туралы мәселе қоюдан көрі “Әр ұлттың балалары оңаша болмай, ортақ бір мектепте оқып,ортақ бір балабақшада тәрбиеленгені әлдеқайда дұрыс”.Жоғарыда айтқанымыздай бұл “мардымсудың зардабы” ертеңінде ақ республикада шығатын газеттердің барлығын жапатармағай аударылып,көшіріліп шығарылды.
Өзінің әріптестері ат басын еркін жіберген ,жалған әшкерелеу шабысынан “Известия”газеті газетіде қалысқан жоқ.Оның тілшісі Алматыға келген сапарынан “Шырмауық”атты мақала туындадып қайтты.Тағы сол біржақты сарын.Осы жерде Мәскеулік журналистердің жұмысында сол желтоқсан оқиғасына байланысты қалай болса,солай көсілте,көпірте мақалалар жариялау дәстүрге айналып кеткенін ашып айтуымыз керек.Сол бір кез тарихта алтын әріппен жазылған 1986 жылдың желтоқсан ызғары жаңару күніне жеткізсе де, әлі де кей авторлардың тек ұлт мәселесіне байланысты тақырыпқа үйірсектік танытып,жоқ жерден ілік іздеп тұратыны жанға батады.Елімізде соңғы кездерде айқын демократиялық өзгерістер,бүкбесіз жариялылық,республика егемендігі мен дербестігі тұрғысында келелі жұмыстар өрістеп,жаңаша ойлаудың жарқын арналары ашылуда.Алайда, орталық газеттердің сол бір дүрбелең кездерде республика қамымен бас ауыртып, балтыр сыздатпағаны белгілі.