«Өткен күнде белгі бар»,-дейді халық даналығы.Санада қалған қазақ баспасөзінің тарихы-ел тарихы,халқымыздың басынан өткен кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген қазыналардың бірі.Сондықтан оқырманның ой мәйегіне айналған газет тарихының сарғайатын праақтарына көз жүгірте отырып,қоғам дамуына байланысты өмірлік көзқарастарын кездестіруіміз.
ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы Ресей империясының отарлық және одан кейінгі «Қызыл империяның»саясаты сол кезеңнің өзінің шет мемлекеттерде төртінші билік болып есепталетін баспасөз,яғни бұқаралық ақпраат құралдарына әсерін тигізеді.Соның бір көрінісі төртінші бесжылдық соңында 1949 жылы қайта жаңғырған «Ұлтшылдық саранға қарсы күрес»болып табылады.
Бұл-турасын айтсақ,1937-1938 жылғы нәубеттің жалғасы.Ұлтшылдыққа қатысы бар деген адамдарды жазалаудың түрлі жолдары қолданылады.Алдымен 1950 жылдардың басында қазақ тарихы,әдебиеті мен мәдениеті сынға алынады.
Мәселен,1951 жылы 28 қыркүйекте «Казакстанская парвда»газетінде Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан музыкасындағы бұрыс бағыт туралы»,деген сын мақаласы жарияланады.Бұл сын Ахмет Жұбановтың «Қазақ сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығы»атты тұңғыш зерттеу-монаграфиясына қарсы бағытталады.Мұнда,бұрынғы сынау шегінен асқан автор А.Жұбановты буржуазишыл-ұлтшылдығы,панисламист және пантюркистігі үшін айыптады.
Осыған орай А.Жұбанов 1951 жылдың қазан айының бесінде «Социолисттік Қазақстан»газетіне «өз қателіктерін мойындап»маала жазуға мәжүр болды.Бірақ,бұл ақтау оны жалған сыншылдардың түйреуерінен құтылтқан жоқ.Қайта,іле-шала арада бір апта өтпей жатып Республика сазгерлері Одағы қазақ музыкасындағы арнайы мәжіліс өткізіп,оған Мәскеуден үш адамды шақырған.
Бұл мәжілісте тек А.Жұбановтың мәселесі ғана қаралып,оған шешен өз атынан жңа теңеу табуға тырысқан.Мысалы,баяндамашы П.В.Аравин Ахметті «идеалист,тұрпайы социолог,формалист,буржуазияшыл-ұлтшыл»,Б.Г.Ерзакович «ұлтшыл әрі космополит»,Иванов-Сокольский «музыкадағы бекмахановшылдықты қайта қоздырғанаын қиын емес.
Келесі кезек қазақ әдебиетінің мақтанышы-Мұхтар Әуезовке келді.Бұл науқан қазақ халқының мәдениетін,оның өкілдерін жоққа шығаруға бағытталды.Олар М.Әуезов ірге тасын қалаған «Абайдың поэтикалық мектебін»,осы тақырыпқа лағаш дссертация қорғаған Қайым Мұхамедхановтың еңбегін жоққа шығарып,Шәкәрім,Тұрағұлұлдарды буржуазияшыл-ұлтшылдардың қатарына қосты.Сөйтіп,Абайдың кеңестік дәуірге дейінгі кезең ақтаңдаққа айналып, өзінің көренкті өкілдерінен айрылып 80-жылдарға дейін құлазып қалды
Бұдан кейін қазақ интелегенциясының көрнекті өкілдерінің үстінен жеке іс қозғалды.Енді нысанаға республика ғылымының мақтанышы академик Қ.Сәтбаев ілікті.Қ.Сәтбаев тарихшы Бекмахановқа қаморлығы үшін,буржуазиышыл-ұлтшыларды уақытында әшкерелемегені үшін айыпталды.Ал «Казахстанская парвда»газеті болса,мұны «партия мүшелерінің халықтың үніне құлақ аспауы»,деп тұжырымдады.
Сондай-ақ,белгілі ғалым,педагог,психолог,қазақ мемлекеттік Университетінің ректоры Т.Тәжібаев та бұрын саяси айыптар тағылып академиядан қуылағн адамдарды университетке қызметке алғаны үшін,әсіресе Бекмахановты қолдағаны үшін сыналды.
Бұл жылдары қазақ зиялылырының көзін жою үшін жасалған террордың алғышарты орталық және республикалық басылымдар арқылы жасалады.Яғни ,30-жылдардың тәжірибесі қолданылды.Мәселен «Правда»газетінде «Біздің арамыздағы ашық ауыздықтан арылайық»,атты бас мақала жарияланды.Онда ашық ауыздықтың мысалына Бекмахановты әшкереушілердің бірі,тарихшы Б.Сүлейменовтың әшкерленбеуі сөз болды.
Тек,1954 жылдың көктемінінен кейін ғана Қазақстанның ғылыми мен мәдениетіне төнген қара түнектің бұлты ыдырап,саяси науқан бәсеңси бастады.Оған себеп болған бүкіл Одақ көлемінде басталған оң процестердің әсері деуіміз керек.
21 Лекция