1910-1911 жылдары Ресейдің эканомикалық жағдайы күрт өзгеріп, өнеркәсіптік өрлеу өріс алды. Бұл жерде бір ескертетін жағдай,Қазақстанның эканомикалық,саяси дамуының өз өзгешелігі бар еді. Сол себепті мұнда жұмысшы қозғалысының өрлеуі Ресейге қарағанда кешеуілдеп,баяу дамыды. 1910-1911 жылдары Қазақстан жұмысшылары эканомикалық сипаттағы жекелеген талаптар төңірегінде ғана қарсылықтар жасалады.Атап айтсақ,1910 жылы жаппай жұмыстан шығаруға байланысты Орынбор теміржол ұстаханаларының жұмысшылары ереуілге шықты.Ереуілдің бет алысынан қорыққан әскери күш губернатордың жанындағы кеңес жұмысшыларыды ереуілге шықты.Ереуілдің бет алысынан қорыққан әскери күш губернатордың жанындағы кеңес жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығарудан бас тарту керек деген қаулы алуға мәжбүр болады.
Патша үкіметі Ленадағы 500-ден астам жұмысшыларының атылғаны және жараланғаны туралы мәліметтердің елге тарауынан қорықты.Газеттерге ол жөнінде жазуға тыйым салды.Соған қарамастан,түрлі баспасөз арқылы Ленада болған шындық дүниенің төрт бұрышына тарап кетті.Тіпті,бұдан патшалық ресми «Туркестанский курьер», «Омский вестник»газеттерді де қалыс қалған жоқ.Сырдария обылысының әскери губернаторы Лена алтын кендеріндегі қанды қырғын туралы материалдар жариялағаны үін «Туркестанский курьер»газетінің редакторына айып салған.
Сөйтіп,ел ішінде Ленадағы қанды қырғын оқиғаларына үн қосқан жаппай ереуілдер,демонстарциялар өріс алды.Оған Қазақстанан Риддер кен орны Нілді мыс қорыту заводы.Жем мұнай кәсіпшілдігінеді жұмысшылар,Екібастұз көміршілері қосылды.Ал,Лена оқиғасының жаңғырығын қазақ жеріне толық жеткізген оқиғасының жаңғырығын қазақ жеріне толық жеткізген «Правда» газеті болатын.Оның үстіне көтеріліс кезінде ауыр жараланып,кейінен 12 жылға каторгаға үкім етілген,ревалюциялық күрес жолын туған жері Қарқаралыда аяқтаған Угар (Мұқтай)Жәнібеков туралы деректер де еңбекшілер санасын оята түсті.
Міне,1905-1907 жылдардағы орыс ревалюциялық жаңа өрлеу кезеңінде «Искра», «Правда» сияқты жалпыорыстық жұмысшы басылымдарыныңәсерімен Орда қаласында өздерінің демократиялық,мәдени ағартушылық күрес жолдарын бастаған қазақ топ өкілдері өздерінің жасырын көпшілік одағын ұйымдастырады.Сөйтіп,олар ең алдымен одақтың шаруашылық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Қазақстан»газетін шығаруды қолға алды.
«Қазақстан»газеті.
Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап,Орда қаласындағы А.Н.Щелкованың меншікті баспаханасын ұйымдастыруға көмектеседі.Сөйтіп,1911 жылдың наурыз,мамыр айларында орыс баспаханасынан «Қазақстан»газетінің алғашқы екі нөмері жарық көреді.Бұл туралы газет қызметкерлері С.Меңдешев «Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс»деген мақаласында сөз еткен.
Газетті шығарушылар екі номері жарық көргеннен кейін редакцияны Орда қаласынан Орал қаласына көшіреді,оған патша әкімшілігінің цензурасыз шыққан басылымының әр мақаласына кінә тағып,авторларды қуғындауы себеп болған.
Реадкция ұжымы Оралға көшіп елген соң Мұтиғолла Тухватуллин,Ғабдолла Тоқай,Камин Тухватуллин,Мұхаед-Ғали Мусин сияқты татар қайраткерлерінің араб әріпімен өз тілдерінде газет, журнал шығарып тұрған баспаханасын несиеге сатып алады.Қарыздан бірден құтылу оңайға түспейді.Соның зардабының редакция қызметкерлері газет шығару орнына үш-төрт ай бойы жекелеген мекемелер мен адамдардың заказдарын орындау үшін асыл уаыттарын кетіреді.Ақыры қарыздан құтылудың басқа амалы болмаған соң,елден газеттің тұңғыш санына байғазы сұрай,ақша жинайды.
Оның кейбір нөмірлерінде орыс,қазақ,татар тілдерінде жазылған материалдар жарияланған.
Газет 1913 жылы жабылады.Редакция ұжымы басылымның жабылуы себебін «Құрмет иесі оқушыларымызға»деген мақалада қаржының жетіспеушілігіннен деп көрсеткен.Ал,негізгі ссбеп газеттің прогресшіл-демократиялық сарынынан қорыққан патша әкімдерінің кертартпа әрекеттерінң еді.Басылымының реадкторы-Елеусін Бұйрин болды.
«Қазақстан» жариялаған материалдарында ел ішіндегі саяси мәселерге баса көңіл бөлді.Мәселен,1912 жылы Ленадағы жұмысшылар ереуілін жергілікті қарапайым шаруа,кедейлерінің сана-сезіміне түсінікті боларлықтай,яғни таптар арасындағы қайшылққа терең талдау жасай жазған.Сөйтіп,капиталистер мен жұмысшылардың өзара келіспеушілік себеп,сырын ашып көрсеткен.
Онда «Бұл күнде үлкен байлар жүн-тері,ғаир нәрселерді сатып алып,фабрикаларда,заводтарда,басқа да керек нәрселерді сату үшін күн бұрын жасатып алады.Бұл іске байлардың өзі қол тигізбейді,бәрін де қызметшілер көп.Әрбір заводта,фабрикада 40-50 мың кісі қызмет етеді.Бұл күндері халық екіге бөлінулі:бір жағы байлар,екінші жағы қзметшілер.Байлар арзан жалдаймыз деп һәм таң атқанан күн батқанға дейін қызмет еткіздіреміз дейді.Қызметшілер айтады:біз тиісті ақымызды аламыз һәм күніне 8-10 сағаттан артық істейміз дейді.Егер байлар бұлардың дегенін істемесе,қызметтен бас тартып,бірнеше ай жатады.Бұны забастовка дейді.Забастовкадан заводта,фабрикада қызмет тоқтайды.Бұл байларға үлкен зиян болды.Сол себепту осы уақытта байлар қызметшілердің дегенін етіп,қайта қымзетін істейді»,-деген жолдар бар.
Осы мақаладағы көзге түсер екінші ерекшелік,капиталисттер мен жұмысшылардың аарсындағы қайшылық қазақ қоғамының тұрмысымен салыстырмалы жазылған,үшінші еркшелік,ереуілдің түрлері мен мақсаттарын көңіл бөлінген.Мақалада, «Екі түрлі забастовка болады.Біреуі «экономическая»,екіншісі- «политическая»,-деп түсіндіріліп,олардың алдына қойған мақсатрына тоқталады.
Эконмикалық ереуілді жұмысшылар жекелеген мақсаттары үшін (жалақыны арттыру,баспана,тамақ т.б. мәселе төңірегінде),ал саяси ереуілді саяси билікті өз қолына алу үшін ұйымдастыратынын түсіндіреді.
Төртінші ерекшелік,мақалада «Үркіт губерниясында:Лена деген өзенде жалданып алтын қазып жатқан қызметшілер бір айдан бері забастовка жасап жатыр еді,ақырында әскер шығып,осы сәуірде қарсы болған қызметшілерді атты.Табанда 119 кісі өлді,350-ден артығырағы жараланды.Бұл жаралы кісілерден 100 кісі өлді»,-деген жұртты ашындыра түсетін хабар стилінде жазылған мәліметтер бар.Бұдан да газеттің ұстанған бағытын тану қиын емес.
Мақаланың авотры кім екені белгісіз.Профессор Қ.Бекқожин: «Тегінде бұл мақаланың авторы я ұйымдастырушысы Орал большевиктерінің бірі болуы керек.Қазақ еңбекшілері арасында ревалюциялық идеяны тарату үшін Орал большевиктері «Қазақстан»газетінің редакциясымен келісуі бойынша оның бетін пайдалануы әбден мүмкін»,-деген болжам айтады.Біздіңше,редакция қызметкерлерінің бірі жазуы да мүмкін.Мәселен,Ғ.Қарашаев не Б.Қаратаев.Қалай болған да сол екзең жағдайын,оның ерекшелігін мақала авторының жақсы білгені аңғарылады.
Екінші жағынан «Қазақстан»газеті феодалдық заманның күні өтіп,қоғамдық жаңа қаныастар туа бастағанын,ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын,отырықшылыққа көшіп,егіншілік,сауда кәсіптерімен айналысу керектігін насихаттады.Газет өзінің бас мақаласында жер-судың тартылу себептеріне тоқталып,талдау жасайды.
Мәселен,ішкі Орданың көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылық қарамағында 1801 жылы 700 десятинадан жер болса,ХХ ғасырдың басында әрбір шаруаға 25 десятинадан ғана үлес тигенін,оның себебі патшаның отарлау саясатын жүргізуші әкімшілік орындарының жерді көп бөліп алғанынан,жайылымдарды құм басып кеткенінен деп түсіндіреді.
Сондай-ақ , «Қазақстанның»екінші нөмірінде жарияланған «Еңбек етсең емерсің»деген мақала жоғарыда айтылған «Хал-жайымыздағы»ойды дамытып,тұйықтан шығу жолы-отырықшылыққа көшіп,егін өсірумен шұғылдану екенін халыққа түсіндіреді.
Басылымның 1912 жылғы 11-номерінде Б.Қаратаевтың «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз»деген мақаласы жарияланады.Онда автор көшпелі өмірдің күні өтіп бара жатқанын,көшпелі өмір және ескі әдеттер қазаты ғылым мен білімнен мақрұм қалдырғынын, «балуан бірді,білімді мыңды жығатынын»айтып,жұртты отырықшылық өмірге бет бұруға,пайдалы кәсіппен айналысуға,балаларды оқытуға шақырады.
Бұл мысалдарға қарап газет тек жалаң насихатшылықпен айналысатын материалдар жариялаумен шектелген деген ой тумындамауы тиіс. «Қазақстанда»нақты ұсыныстар мен пікірлер жасаған еңбектер де болған.Мәселен,Ғабдолла Көпжасаров деген автор газеттің 1912 жылғы 11-нөмерінде жарияланған мақаласында товарищество(серіктік)туралы айтып, «Оқыған адамдар бас болып,халықтың басын құрап,екі я үш болысты біріктіріп,товарищество жасап,жиналған ақшаға жерлерден лавка ашып,сай-саланы бөгеп, товариществода үлесі бар еендік,пішендік жерлерін суарып беріп көрсетсек,халық пайдасын көрген соң өздері-ақ ұмтылар еді.Товариществоның бір пайдасы-халықты бірлікке үйретеді,бірінің-біріне сенімін арттырады»,-деп жазды.Екінші бір нақты ұсыныс жасаған автор Мұхаммедқали Орақбаев.Ол 1912 жылдың 7-номеріндегі мақаласында «Әр нәрсеге білік-бірлік немен болады.Білік болмай,бірлік болмайды.Әлбетте ғылымнан болады»,-дейді.Бұл айтылғандардан жұрт не істеу керектігін нақты білді.
«Қазақстан»газеті «Айқап»журанлында жарияланған мақалаларға да үн қосып,қолдап отырғанымен мал шаруашылығы,отырықшылық,қала болу мәселелерне келгенде пікір таласына да барып қалады.Бұл факті де газеттің өзіндік ерекшелікгін,прогресшіл ролін танып,біле түсуімізге көмектеседі.Мысалы, «Айқаптың»1912 жылдың бесінші санында жарияланған А.Жанаталиннің мақаласындағы. «Қазақ халқы қала болуы тиісемес,қала болудың соңында біздің үшін бек көп қорқыныштар сезіледі»,-деген пікірге Ғ.Қарашаев «Айқаптың»өз бетінде жарияланған «Ахмет Жанталинге жауап»атты мақаласымен қарсы шығады.
Автор өз ойын. «Крестьяндардың ата кәсібі-егін.Біздің ата кәсібіміз-мал өсіру.Қала бол деген сөзден мал өсірме деген сөз шықпайды.Орал обылысындағы қала болуға жазылған қазақ ауылдарының обрачной аталып,мал бағуға жарақты жерлер қалдырылып жатыр,мал бағу біздің маңдайымызға жазылып,былайғы кәсіппен тіршілік ете алмаймыз деген хакім(заң деген ұғымда)дұрыс хакім емес.Жөні келсе егінмен де,саудамен де қазақ тіршілік ете алады.Осы күндегі орыс,татарлар секілді отырық елдердің бәрі де әуелде көшпелі мал бағып күнелткен халық болған дей келіп «Бұл заманда көшпелі бәдәуи надан жұрт жұрттығын,елдігін сақтап тіршілік ете алмайды»,-деп қорытындылайды.
Газет стилі өзінен бұрынғы «Түркістан уалятының газеті», «Дала уалаятының газеті» және т.б. басылымдарға қарағанда әлдеқайда жетілген,сөйлемдерді жинақы,оралымды,тілі түсінікті болып шығып тұрған.Шұбалаңқылық,бірді айтып бірге ауысушылық кездеспейді.Әр материалда проблема көтеріліп,талданып,жұртқа пайда келтіруге тырысады.Сөйтіп, «Қазақстан»өз мақсатын- «кәсіп ету,ғылым үйрету жолында»жанр мүмкіндіктерін осылай ұтымды пайдалана білген.
Ал,басылым бетінде жарияланған кейбір материалда кездесетін татар сөздеріне келетін болсақ,олар ең алдымен баспахана құрал-жабдықтарының татар тіліне икемделгенінен болса,екіншіден,көптеген газет қызметкерлерінің сауаты мұсылманша еді,үшіншіден,ол кезде ұлттық тілге негізделген арнайы алфабит жоқ болатын.Оның материалдарында орыс тілінен енген термин сөздер де қолданылады.Соған лайықты баламалар да пайда болады.Осының барлығы да қазақ әдеби тілнің қалыптасуына,байып тұрақтануына барынша ықпал етті деп түсінеміз.
Жалпы қорытындылай айтсақ,1911-1913 жылдары Ордада,одан соң Оралда шығып тұрған биресми «Қазақстан»газетінің прогрессивтік ролі,ағартушылық-демократиялық мәні міне,осындай болған.