ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елін,жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстанның Ташкент,Орынбор,Омбы,Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша үкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органы ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттір шыға бастады.Әрине,бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап,оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ,қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу,оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап,сөзсіз орындату,сондай ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып,қол астынтығыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.
Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан,Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып,мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті.
Түркістан уаклаяты газеті – сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 – сәуірінен бастап ,орыс тілінде шығатын “Туркестанские ведомости”газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше,екі саны қазақша) шығарыла бастады.
Газеттің редакторы – ұлты башқұрт болса да,қазақтың намысын қорғап,сойылын соққан,орыс және шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген,генерал губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді.Ал,бұл басылымның аудармашысы,әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев,Заманбек Шайхы Әлібеков Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.
“Түркістан уалаяты газетінің”ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды.Ресми бөлімде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып,үкімдері түсіндірілсе,ресми емес бөлімде отырықшылық,егіншілік,мал шаруашылығы,сауда,ішкі-сыртқы жағдайлар,әдебиет,мәдениет,білім,ғлым,өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралды.
“Түркістан уалаяты газетінде”жоғарыда айтлған жайлардан басқа тарих пен этнография,архиология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар,мәселен ауыз әдебиеті үлглері де жарияланып тұрды.Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан,Ыбырай,Абай сияқты біртуар перзенттерінің өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет танысуларына мүмкіндік жасады.
Басылым беттерінен бұдан басқа орыс және еуропа халықтарының өнері мен мәдениеті,ғылым,білімі жайында жарияланған материалдарды табуға болады.Мұда орыс журналистикасының әсерімен заметка,корреспонденция,мақала,феоьетон,очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды.Сонымен қатар ,редакция қызметкерлерінің тіл мәселесі жөнінде де өзіндік көзқарасы болған.Оны Орынбай ақын шығармаларының тілін мақтап,өзбек,татар, араб сөздерімен шұбарланған кей автор туындыларын сынаған мақалаларын аңдаймыз.
- “Түркістан уалаяты газетінен”кейінгі өзіндік тарихи орыны бар қазақ тіліндегі екінші басылым – “Дала уалаятының газеті”жаңадан құрылған Омбы генерал-губернаторының органы ретінде Омбы қаласында 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін 14 жыл қатарынан жарық көріп тұрған. Басылымның қазақшасын үзбей редакциялағангенерал-губернатор концеляриясының аға тілмашы Е.Абылайханов пен Д.Сұлтанғазиндер болған.Газетте Р.Дүйсенбаев,Б.Чалымбеков және т.б. бірнеше адам аудармашы әрі әдеби қызметкер міндетін атқарған.Сондай ақ мұнда арнайы тілшілер ретінде О.Әлжанов,Ш.Айманов,М.Көпеев,Б.Әбдіков жиі мақала жазып тұрған.
Газет патшаның реакцияшыл,отаршылдық саястьн насихаттайтын материалдарды жариялаумен қатар өзінің ресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету,отырықшылыққа көшу,ғылыми жаңалықтар,мәдениетке ұмтылу,ел басқару,сауда існ жолға қою,мал тұқымын асылдандыру және т.б. көптеген мәселелерді қамтып тұрды.Сонда ақ мұнда шетел және Ресейдің ішкі жаңалықтары,көршілес мемлекеттер жөнінде де хабарлар берілді.Газеттің нақты тиражы туралы анық мәсімет жоқ.Дегенмен бір ақпарда оған міндетті жазушылар саны – 1332 деп көрсетілген
“Дала уалаятының газеті”патша өкіметінің органы болғанымен,қазақ халқының өмір тұрмысында прогресшіл рөл атқарған басылым.
Қазақтар тұңғыш рет “Дала уалаятының газеті”арқылы орыс халқының В.А.Жуковский,А.С.Пушкин,Н.А.Крылов,Л.Н.Толстой секілді атақты ақын-жазушыларының шығармаларымен танысты.
Қазақтың халық ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Әбубәкір Ахметжанұлы Диваевтың мақалалары,Ы.Алтынсариннің шығармалары,Абайдың өлеңдері,халық ақындарының туындылары,Алдаркөсе мен Қожанасыр,Жиренше шешен туралы аңыздар,қазақ ертегілері де “Дала уалаятының газетінде”жарық көрген.Басылым өз қызметін оқырманына кімнің дос,кімнің қас екенін түсіндіруден бастаған десек қателеспейміз.
“Дала уалаяты газетінің”беттерінде әйел теңдігі тақырыбы бойынша да материалдар жарияланған.
“Дала уалаяты газетінде”қазақ тілін дамыту мәселелері жөнінде де пікір таласы болған.