Хәріп әлемі

Қәріп – белгілі тілдегі бүкіл дыбыстардың суреттік бейнеленуі болып табылатын — әріптердің,сандардың,белгілердің таңбаларын басып алуға лайықталып жасалған литерлердің құрамы. Бір литер харіп емес.Литерлердің тұтас құрамы — харіп.

Әріа суретінің тұтас құрамы – алфавит деп аталатынны белгілі.Алфавитте тілдегі әр дыбыстың суреті әр түрлі.

Қәріптер суреттік жақтан : бүртіксіз,бүртікті,дөңгелек,айшықты, контурлы,көлеңкелі болып бөлінеді.Осылардан газет беттеріне әріптері жиі басылатындары: бүртіксіз,бүртікті,контурлы,көлеңкелі.

Ойыстық сипаты жағынан қәріптер – тік және көлбеу болып бөлінеді.

Таңбалары көлбеу қаріптер тұтас алғанда курсивтік қаріптер.Курсив деген қаріптің атауы,аты емес.ол-басылып алынған таңбаларының үлгісі көлбеу қаріптер.басқаша айтқанда ол көлбеу таңбалы қаріптер.

Қалыңдық сипаты жағынан қаріптер – ашық,қалың және қара болып келеді.Бұл – ең алдымен қаріптердің негізгі элементтерінің қандай қалыңдықта,басқаша айтқанда қанша пункттік сызықтың қосындасындай екеніне байланысты.

Ендік сипаты жағынан қаріптер – жіңішке,қалыпты және жалпақ болып келеді. Бұл – қаріптің негізгі элементтері биіктігінің өзараарақашықтықтарына байланысты нәрсе.

Ендік сипаты жағынан қаріптер суреттік,ойыстық,қалыңдық сипаттардың жинақтаушысы да болып табылады.

Қаріптер кегельдік мөлшері жағынан — польграфиялық кәсіпорындарда типометрлік өлшем жүйесі бірліктеріне лайықталып әр түрлі пункттік мөлшерлерде құйылады.

Аудандық газет баспаханасындағы қаріптік материалдар кегель жағынан 6.8.9.10.12.14.16.20.24.28.36.42.48 пункітті.