Нөмірді версткалаудың дәл жоспарын макет деп атайды.Редакцияда жасалатын бұл макет материалды бетке дұрыс және орын-орынмен дәл орналастыру үшін және газеттің немесе журналдың сырқы көрінісі тартымды болуы қажет.
Верстка макетсіз жасалғанда – газетті шығарушы көзбен ғана жобалап толтырады.
Газетті макеттеу – журналға қарағанда сәл ерекшелеу.Илльюстрациялық журналдың мәтіні терілген текстпен әзірленген клишенің басылым көшірмесін жабыстыру арқылы жасалады.Газет бетінің макетін әдетте,терілген материалдың басын көшірмесіз және илльюстрациясыз әзірлейді.
Графикалық макет жасау — газеттің нөмірінің жоспарын жасауға графикалық макет өте ыңғайлы. Макетті жасау үшін қағазға беттің жоспарын түсіреді. Ең алдымен материалдың жол санын есептейді.Егер ол бетке сиятын жолдың мөлшері асып кетсе,онда артық материалдар кейінге қалдырылады.Материалдар алдын ала іріктелген кезде бас тақырыптар мен шапкалардың көлемі шамалы белгіленеді.Мұнда 5 бағаналы,1 жолды шапкалар,25 жолға сондай ақ 2 жолды 35 жолға,4 бағаналылар 20-30 жолға,3 бағаналылар 15-20жолға тең деп есептеледі.
Материал көп болған жағдайда бас тақырыптың аяғына және ашық орындарға бүкіл беттің шамамен 20 пайызына дейін беріледі.
Макет жасау версткалау сияқты,егер олар қысқарылмайтын және беттің белгілі бір жеріне орын алатын болса,анағұрлым үлкен материал басу ыңғайлы. Көпшілік жағдайда мұндай материалдар ресми қарар,қаулылар,саяси және эканомикалық тақырыптарға арналған материалдар.Маңызды корреспонденциялар,очерктер,фельетондар оларды орналастыруда көркемдірек орын қарастырылады және соның мөлшерінде мәтінді,матеиалды және илльюстрацияны орналастырады.
Макеттің түрлері: жапсырма макет, географиялық макет.