Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлеміз. Солардың ішінде бастылары :
1.Қиял – ғажайып ертегілер.
2.Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
3.Тұрмыс – салт ертегілер және аңыздар.
Қиял — ғажайып ертегілер. Ертедегі адамдар табиғат және оның құбыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік – кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып ертегі — әғгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолодары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын – пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһра, әбжылан т. б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет күші, айла – амалы барлар деп түсінген. Ол түсініктері көкбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайларға байланысты ьолады. Ертегілердің оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мұндай ғажайып ертегілердің туу себебі : “бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”.
Демек, қиял – ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен әр түрлі қауіп – қатерлерден құтылу, тіршілік еті, табиғат сырын танып білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілер де ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсең екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы ғана жеткен. Сол қиялдарын ертегі — әңгімеге айналдырған, Бұл жөнінде М. Горький былай дейді : “Тіпті атам заманғы уақытта – ақ адам баласы әуеде ұшу мүмкіншіліг жөнінде ойлаған, мұны… “Ұшқыш кілем” туралы ертегі бізге айқын көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған, мұны “Жүрдек етік” туралы ертегіден көруге болады,… өзен үстінде оның ағысынан гөрі жылдам жүруге ұмтылғандықтың арқасында ескек пен желкенді ойлап шығарды ; жау мен хайуанды өлтіруге талпыну – пращты, садақты, садақ оғын ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп иіру және бір түн ішінде бірталай кездеме тоқу мүмкіндігі туралы, бір түн ішінде жақсы үй салу туралы, тіпті “сарай” салу туралы, яғни жаудан қорғайтын пана салу туралы ойлап, жұрт осының арқасында еңбектің ең ерте заманғы құралдарының бірі болған ұршықты, тоқу үшін жабайы қол станогын ойлап шығарды”.
Әрине, ертедегі адамдар алдына қойған мақсатына, ойына алған, қиял еткен арман – мүддесіне бірден жеткен жоқ. Олар бұл жолда талай қиыншылықтарды басынан кешірген. Оны ертегілерінде де суреттпен көрсеткен. Бірақ олар адам баласының күшін, мәңгі жасайтынын білген, өзіне дұшпан күштердің бәрін де жеңіп шығатынына сенген. Бұл, сенім қиял- ғажайып ертегілерінен де мол орын алған.
Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақматынга жету үшін, табиғат сырын танып – білу, тіршілік ету жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ақырында, мақсат-мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді.
Ертедегі адамдардың дүние тану, еңбек кәсіп ету, тіршілік жасау жайындағы сезім – түсініктерінен туған қиял – ғажайып ертегілері өзінің тақырыбы, оқиғасы жағынан әр түрлі болып келеді. Және ол қоғамдық экономикалық дамуға, адам ой – санасының өсуіне байланысты өзгеріп, ұлғайып отырады, оқиғалары күрделене, нақтылана түседі. Бұл аталғандарды қазақтың қиял – ғажайып ертегілерінен де байқауға болады.
Ертедегі қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері аңшы мергендер, мақташы – малшылар десек, олардың бәрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды халық ертегісі ақыл – айласы, асқан күші бар батыр етіп бейнелейді. Бірақ олардың өздері де, ерлік етсе де “батырлар жырының ” немесе аңыз – ертегілердің адамына ұқсамайды. Олардың жаратылысы да іс — әрекеті де басқаша, ғажайып жағдайда болады, Ең алдымен, олар жердің үстін ғана мекен етпейді, қиялдан туған дүниені кезіп жүреді ; кейде жеті қабат жер астына түсіп кетеді, кейде алып қара құс немесе самұрық пен тоғыз қабат көк үстін аралайды. Олар, кейде адамзат білмеген от дариясының ар жағында болмаса неше түрлі сырлы аралдар ішінде сайран салады. Қысқасы жердің асты үстін аралап шығады, талай – талай теңіз дүниемін кезеді. Соның бәрінде алуан – алуан күйге ұшырайды. Бірақ ол өзінің ақыл – айласы, өнері, ерлік істерімен барлық қиыншылықтарды жеңіп мақсатына ждеңіп отырады, Бұл айтылғандардың мысалы ретінде “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегілерін келтіруге болады.