Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және соларды елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп дамып отырған. Той бастар, жар – жар, сыңсу, жұбату, бет ашар.
Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертеден келе жатқан діни ұғымдары ескі-наным сенімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде Шоқанның айтуынша Шамандық дәуірде көп құдайға сиынған кезде туған. Жаратылыс сыран түсіне алмаған ой — өрісі, дүние – танымы шама шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш депұғынған. Сондықтан сол күштерге мысалы : ай мен күнге, от пен суға табынып, сыйынған. Жаратушы, жарылқаушы дептүсінген, мұнымен біргеМ. Горькийдің айтуына қарағанда ертедегі адамдар тұрмыс – тіршілігі, күн-көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап, жеңілдетпек болған. Олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуан-құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек, жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз етенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние-тану дәрежесі қандай екенін ауыз әдебиетінде қалай суреттелгенін көреміз. Бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазан.
Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертедегі тұрмыс – салтына байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі –адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең-жырлары арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген.
Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық, қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы мұң-шер де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінші шаттық, қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы – қасірет, күйініш шерін шерткен. Абайды :
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, —
дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.
Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т. б тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған. Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жар күйер жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз ауса, мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр түрлі өлең-жырлар тудырған. Қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.