Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері

Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман – мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады.

Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның, “халық психологиясын”, “халықтың арман – мүддесін, тілегін” қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек.

Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп. ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап көрінісінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді.

Әдебиеттің таптық сипаты туралы классиктердің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. Өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.

Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап – айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс – тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман – мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т. б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолдан халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама – қарсы қойып әңгімелейді.

Халық ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға идеялық тәрбие беру ісінде, айырықша мәні болған еді. Ауыз әдебиеті жалпы әдебиет тарихынан да елеулі орын алады. Ол өзінен кейін туған көркем әдебиетке көп әсер етті. Сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын пайдалана білу т. б жөнінде ауыз әдебиеті көркем әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні өте зор.

Еңбекші халықтың көп ғасыр бойына жасаған ауыз әдебиетін ғалымдар аса жоғары бағалаған. Олар ауыз әдебиет халықтың қоғамдық өміріне, тұрмысына, тарихи жағдайларына, таптық күресіне байланысты туатындығы жөнінде тамаша пікірлер айтты. Олар ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың құралы, таптық сананы білдіретіндігін және таптық тілектен тысқары ауыз әдебиеті болмайтындығын айтады.