Ауыз әдебиеті мен жазбаәдебиетінің айырмасы жөніндеВ. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: « Ауыз әдебиетін алатын болсақ , оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашанда болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады». Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқынкөрсететін қарапайым, үстіртін аңғал, өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді.
Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайысысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтың сипаты, ең алдымен, оның халық психологиясын, халықтың арман-мүддесін, тілегін қалай суреттеп көрсеткіндігіне байланысты деп. түсінуіміз керек.
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп. ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір — бірінен бөліп қарауға болмайды. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап- айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты-халықтың тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, олардың үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді.
Жазу, сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ халық өзінің тұрмыс тіршілігі қоғамдық өмірі шаруашылығы мен кәсібі қуанышы мен күйініші дүниетануға көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең жыр, ертегі әңгіме, мақал-мәтел , аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған кімнің шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп. атаймыз.
Ауыз әдебиеті фольклор деп. те аталады. Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы ауызша тудырған, көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті халықтың ерте замандардағы ой-сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Белинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О. Ф. Миллер, А. Н. Афаньасев секілді ғалымдары талдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр-түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. айтады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады.