Әдеби стиль өзгермейтін тас боп қатып қалған нәрсе емес. Қоғамдағы таптың өзгерген жағдайына, оның әр дәуірдегі күрес-тартыстарының кезеңдеріне бағыныңқытүрде стиль де өзгеріп отырады. Қоғамдағы жаңа тап өзімен бірге жаңа мазмұн, жаңа мүдде, жаңаша құралған ой-сезімдерді ала келеді. Жаңа мазмұн, әдебиет өзіне лайық түр, үлгі туғызады.
Ал стиль деген не?
Жазушының шығармашылығы оның ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Жазушы творчествосы оның адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен,өзгеден ерек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен ұласып, керекдесеңіз, бірігіп,біте қайнасып жатады.
Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың творчестволық ерекшелігін танытады. Оны тілден де. тақырып пен идеядан да, образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады. Әр шығармадан көрінетін осындай суреткерлік ерекшелік оның бар шығармасындағы белгілі бір бірлікке әкеледі.
Тақырып ерекшелігімен қатар, әр жазушының творчествосында мінез(характер)бірлігі деген болады. Мұны әрине, бір жазушы он образ жасаса, бәрінің мінез-құлқы бірдей болады деп ұқпау керек; он образ-он түрлі мінездің адамы бола берсін, бірақ он мінездің де жасалу тәсілдері бір-біріне ұқсап отырады. Бір жазушы, айталық,адам мінезін қимыл-әрекет үстінде танытуға бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл-күйін,сезім-сырын,ой-арманын,әр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер.
Сонымен, біз әрбір жазушының бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің(идея-тақырып-мінез-тіл) тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы творчествосының мазмұны мен пішініне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба беруге болады. Міне, стил-әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік.
Стильдің жазушы творчествосындағы көрінісі күрделі әрі қызық. Жазушы не жазса, соның бәрінде оның өзіндік стилі төрт бұрышын түгел танытып тұра қалады деуге болмайды. Жазушының творчестволық ерекшелігі әр шығармасында әр қырынан-повесте сюжет құру ерекшелігі көрінсе, әңгімеде образ жасау шеберлігі, эсседе тіл ерекшелігі айқынырақ аңғарылуы мүмкін. Демек, жазушының стилі жайлы бір емес, барлық шығармасын оқып барып байлау жасаған дұрыс.
Бір алуан жазушылардың әдеби стилінің – методының – бірыңғайлығы жеке жазушылардың өздеріне тән ерекшкліктерін жоққа шығармайды. Б.р әдеби әдіске жататын жазушы, ақындардың шығармашылық әдістерінің негізі біреу-ақ болса да, әрқайсысын жеке алып қарасақ, әркімнің өзіне тән ерекшеліктері болатындығын көреміз. Стиль деген сөз екінші ұғымында, әр жазушының өзіне тән шығармашылық ерекшелігі .
Бұл ерекшеліктер сюжет, композиция, тіл, сөз, сөйлем құрылыстарында айқындалады. Шығармасына желі етіп алған оқиғасын қалай суреттеу әдісінен белгілі болады. Біреу – лирик, екіншісі – эпик, үшіншісі – юморист, төртіншісі – сатирик.
Абай мен Махамбет екеуі де халық ақыны. Бірақ екеуінің де өзінше суреттеу әдісі бар. Абай негізінде сатирик. Махамбет сатирик емес. Феодалдық көзқарастағы ақындар әдеби бір стилге жатады. Бірақ Мұрат пен Шортанбайдың суреттеу әдістерінде өзара басқашалықтары бар.
Бірақ олардың шығармаларында өзара айырмалары болғанмен, белгілі бір таптың жазушысы болғандықтан, олардың шындық болмысқа жалпы көз
Қарасы бір. Өмірге өз табының көзққарасымен қарайды. Сондықтан бірнеше жазушылардың суреттеу жүйелерінің түрі бір болады.
Мысал үшін қазақ кеңес поэзиясының ірі өкілдері Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Сәбиттерді алсақ – бәрі де социялистік реализм методының – стилінің өкілдері. Бірақ олардың әрқайсысының өзіне тән, басқаларда жоқ ерекшеліктері бар. Мұны олардың стилдік ерекшелігі дейміз.
Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль — әр жазушының дара қасиеті болса, ағым әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным; стиль — бір жазушының әдеби беті болса, ағым – бір топ жазушының әдеби бағыты. .
Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым — әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі.
Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
Стилдің өзгеруі де мүмкін. Егер суреткердің дүниетанымында немесе идеялық бағытында өзгеріс болса, стиліне де ықпал ететіні даусыз.