Образдардың жасалу жолдары әр алуан: портрет, мінездеу, адамның күініш-сүйініштері суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу. Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде, келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің Бейнесін айқындап, олармен ерекше көзге түсерлік образ – тип – дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.
Портрет – қатысушылардың кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын суреттеу. Мысалы, М. Әуезовтың «Шатқалаң»деген әңгімесінде Айшаның келбеті былай суреттеледі:
«Айша ақырын күліп қояды. Бэұл орта бойлы толық етті, жұмыр, тұтас бітокен қайратты әйел еді. Денесі — жұмысқа піскен сом дене. Бұл пішіні де ерекшелеу келген, кесектеу пішілген қалпымен айрықша саналы, өзінше сұлу біткен пішін. Ақшыл сұрғылт бетінде күнге күйгендіктен араласқан жұқалау қызғылт бар. Әдемі қара көздері мейірімді, ойлы көз сияқты. Әсіресе биіктеу келген, түзу біткен мұрны мұның дөңгелек жүзіне жарастығын, келісімін толықтырып тұрған тәрізді.»
Осы үзіндінің өзінен-ақ Айшаның қандай адам екенін, оны автор қай жағынан алып көқрсеткен екені мәлім. Айшаның сыртқы суретінің өзінен-ақ өте мейірімді, саналы, қарауға да көрікті жәнееңбекке шыныққан, қолынан іс келетін адам екендігікөрініп қалады. Жазушы Айшаның портретін бергенде оқушылары оны ұнатқандай, оған сүйсінгендей етіп суреттеген.
Жазушы қаһарманның портретін кейде кең түрде бір жерде тоқтап суреттейді, кейде қаһарманның амалын, басында болған күйініш-сүйінішін жазып отырып біртіндеп, портреттің әр бөлшегін әр жердекөрсету әдісімен жасайды. Портрет (франсузша — portrait) деген термин әдебиеттегі портретті салыстыруды керек етеді. Шынында, әдебиетте адамның не басқа нәрсенің келбетіне икең тоқталып, суретін бұлжытпай қойған портреттер көп. Бірақ әдебиеттегі портрет пен живописьтегі портреттің үлкен айырмасы бар. (Живописьтегі портрет қимылсыз, қозғалыссыз, ал жазушы адамды қимыл, қозғалыста етіп суреттейді(ол қаһарманның жүріс-тұрысын, дауысын және қалай сөйлейтінін де суреттейді.).
Жазушы адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп беру үшін теңеу, эпитет, метафора тағы басқа бейнелеу құралдарын қолданады. Живописьтің портрет жасаудағы құралы басқаша.
Әдеби образдың түрлі адамға айналу процесі – адам айтып түгесе алмас ұзақ әңгіме.
Мінез адамның ішкі бітімі болғанда, тип сом тұлғасы екені мәлім. Осылардың нақтылану сырының нақтылану тәсілдері бар.
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
Тек мінез жағына ғана назар аударатын болсақ, осының өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Бірі – тура мінездеу. Мысалы, Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен терде» Ақбаланың әкесін, яки Еламанның қайын атасын былай мінездейді: «Сүйеу – ел ішінде сыйымсыз,тік бақай, тентек шал. Өз үйінде де жыландай ысқырып отыратын болғасын қатын балалары оның қай жағынан шығып қаларын білмей, қыпылдасып болатын. Бір ғажабы, осы қытымыр, қатал шал дегенде Еламанның жаны жоқ. Еламанға Сүйеу қарттың да ықыласы басқа. Күйеу баласын балықшы деп атап, оған айтқан бар сөзін әзілге шаптырып, осқырынып күліп отырады. Жақсы кеөріп, әлде шынымен жек көріп, кекетіп отырғанын айыру қиын.» Сұйеудің осы мінез құлқы трилогияның өн бойында жқалып қояды.
Тағы бір тәсіл — жанама мінездеу. Мұнда әлгідей төтеден сипаттау болмайды, жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның
Қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.
Әдебиеттегі адамның ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу арқылы ғана жасалмайды, типті тұлғалауға қажетті өзге тәсілдер де түгел осы мақсатта қызмет атқарып жатады. Адамның әлде бір күйініш-сүйінішін немесе кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу… — осылардың бәрі, әдебиеттегі дамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек.
Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орын алады. Кейіпкерлердің тілі монолог және диалог түрінде кезщдеседі. Монолог — бір адамның сөзі.
Шығармаларда қатысушы бірнеуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқалар оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөздерді монолог дейміз.
Диалог – екі не бірнеше адамдардың кезектесіп ссөйлесулері.
Диалог драмалық шығармалардың негізгі құралы. Драмалық шығармалар монолог пен диалогтан құралады.