Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы не нашар шығарма деп баға беру де шеуші роль атқарады. Оқығанда бас алғызбай тартып оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей, ерекше көзге түсетн образы – типі – ұнамды ұнамды образдардың рух бкрерлік ерліктері, ұнамсыз образдардың Жан түршіктірерлік жауыздықтары және өзекті өртерлк трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғизаңдылықпен мүлтксіз шебер қиюласуы — композийияның ісі.
Егер ол болмаса, бір-бірімен байланыссыз оқиға да, әлдемі пейзаж, портрет тер де, үздік жасалғант әдеби мінездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар еді.
Көркем шығармалардың құрылысы тек түрге ғана байланысты емес, мазмұн, идеяға байланысты мәселе. Шығармаларда суреттелетін оқиғалар, олардың бөлшектерін, адамдардың іс-амалдарын жігін таптырмастай шебер қиюластыру жазушының дарындылығымен байланысты бхолса, қандай сюжет алу және оқиғаға қатысушылардың қайсысын қалай көрсету жазушының өмірге көзқарасы, шығарманың идеясымен байланысты. Бұл – тек сюжетті шығармаларға ғана емес, сюжетсіз лирикалық өлеңдерге тән қасиет. Лирикалық өлеңдердің әр алуан түрлері мазмұнның керек етуінен туады.
Өмірдегі шындықты шынайы әдеби шығармаға айналдыру, әдебиеттегі мазмұнның мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық – көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның атқарар ролін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Соған қарамастан, бір таң қаларлық нәрсе, осыларды әркім ір күйге түсіреді : сюжетті біреулер оқиға, бірулер құбылысқа, бірулер фабулаға теліп жатса, композицияны біреулер жүйеге, бірулер архитектоникаға, біреулер конструкцияға сайып жатады. Сөз жоқ, бұлардың қайсыбірінде сюжеттік, қайсыбірінде композициялық сипаттар бар екені рас, бірақ осылардыі бірінен соң бірін туындатып, ой мен ұғымды осынша қиындатудың қажеті қанша ?
Айталық, фабула! Мұның не нәрсе екені баяғы Аристотель заманынан бері жұрттың бәріне мәлім : бұл (латынша fibula — әңгімелеу, баяндау, тарихты айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет – ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Композиция (латынша composito – құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе : ол — әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын, жазушы, ақындар өлең не қара сөз түрінде сол жазылмақ шығарманың идеясын меңзейтін қысқаша таныстыру жазады. Ондағы мақсат – шығарманың идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтеу.
Роман, әңгіме, поэмаларда кездесетін осы тәрізді бастама, таныстыруларды пролог деп атайды. Мысал үшін, А. С. Пушкиннің “Мыс салт аттысы”, “Кавказ тұтқыны”, С. Мұқановтың “Сұлушашы” т. б. поэмалардың прологтарын атауға болады.
С. Мұқановтың “Сұлушаш” поэмасы қазақтың ескі өмірін, ескі дәуірдегі әлеуметтік теңсіздікті, сүйегіне қолы жетпеген жастардың бастарында болған қайғылы халдерді суреттеуге арналады.
Пролог негізінде қысқс жазылады. Бірақ кейде едәуір ұзақ та болуы мүмкін. Ол автордың айтайын деген ой-пікірлерімен байланысты.
Шығармада суреттелінген оқиғалар әбден әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қортынды сөзін эпилог дейді. Пролог тәрізді эпилогтың да шығарманың құрылысымен тікелей байланысы жоқ. Роман, әңгіме, поэмаларда суреттелген адамдардың бірнеше жылдар өткеннен кейінгі тіршілік іс-әрекеттерінен ақпар береді. Кім қайда, не істеп жүр деген сұрақтарға жауап ретінде, автор олардың қазіргі жайларын баяндайды.
Эпилогтың шығарма құрылысымен тікелей байланысты болмаса да, идеясы жағынган байланысты. Егер пролог та шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларды дұрыс ұғынуға бағыт сілтесе, эпилогта сол көркем шығармадағы автордың образ арқылы айтайын деген ой-пікірлерінің дұрыстығы дәлелденеді. Мысалы үшін С. Көбеевтың “Қалың мал”, Тургеневтың “Әкелер мен балалар” атты романдарындағы эпилогтарды алуға болады.