Мәселен образ деген не?
Образ – бейне. Ол ненің бейнесі? Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамныңның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, бастр көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал — әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.
Образдың екі мәні бар : тар мағынасы және кең мағынасы. Образдардың тар мағынасы деп., ең тар көлемде жасалған образды айтады. Мысалы, “Шығыс алауланып келеді” деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр, бұл – тар көлеммен – ақ жасалған образ.
Образдың кең мағынасы деп., әдебиеттің, қала берді, көркем өнердің өмірді тек образ арқылы бейнелейтінін айтамыз. Демен, әдебиет өмірді тікелей танымайды, қара дүрсін түсіндірмейді, оны образ жүйесімен бейнелейді. Демен, әдебиеттер көркемдік образдар жүйесі арқылы ғана өмір таниды.
Чернышевский әдебиетті “өмір оқулығы”, Горький, “адам тану ғылымы” деді. Демек, әдебиеттің негізгі материалы адам екені – ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен аталатыны да – содан. Осының барлығы келіп, әдебиетте негізгі нәрсе – адам образы, дңегенді анықтай т үседі.
Образдың екі жағы, екі қыры болады. Ол – образдың жалпылығы мен жалқылығы. Адамның қоғамдық және жеке бастық жағы болады. Мынау соған сәйкес. Адамның жалқылық жағы – оның жеке бастық қасиеті. Образдың сапалы болуын оның даралығы қамтамассыз етеді, жалпылығы деп. – барлық образда оның қай топқа жататындығы. Образдың неғұрлым даралық жағы кошті болса, ол сол құрлы өміршнң, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды. Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін нәрсе – оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ жасайтын әректеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол кошті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпақ емес.
Адамның образы қалай және неден жасалады?
Адамның образы харектерден тұрады, характер — әр адамның рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер – образдың бір қыры, бір образ сандаған характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі, тұрысынан, әрекетінен, ой өрісінен, мәдениетінен көрінеді.
Характер туралы әдебиет қайраткерлерінің пікірін тыңдалық.
Характер дегенді осыдан екі мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Біз оны әлі түсінбегенісп келеміз.
Ал “характер” дегеніміз – бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Ырықтың бығыты тек әрекетпен ғана айқындалады.
“Кейіпкерлердің психологиясынан көрінетін жаңа ерекшеліктер, сөз жоқ, олардың істерінен, әрекеттерінен жаралуы тиіс” “Ұлы характердің абыройы – олар “кінәлі” болады” (Лаврецкий).
“Характердің қозғалысы драмадағы әрекеттердің өсуімен тығыз байланысты (В. Блок). Демен, характер әрекеттен шығады да, соның дмауымен өседі. “Идея мен характер кездесіп қалса, онда адамды жылдар бойы таңдандырып тұратын құбылыс шығады” (Гете).
Бұл не деген сөз? Жазушылар характерді әрекетпен бере алмай келетінін айттық. Ал егер жазушы оны тың әрекетті етіп бере алса, ол тың әрекетті әкелген характерге жақсы идея тап болып, екеуі бір жерден шықса, онда адам баласының мәңгілік есінде қалатын шығарма жасалады, деген сөз. Ондай характер бұрын көрінбеген, ерекше әсерлі әрекеттің қуаттылығына байланысты ғана өмірге келеді. “Характер дегініміз – жетілдіре тәрбиелеген ырық”(Р. Эмерсен).
Характер қай уақытта дараланады?
Ол өзінгші бір әсерлі әрекет жасаса, тың әрекет иеленсе және ол әрекет бұрынғы көрінген әдебиеттік характерлердің әрекеттеріне ұқсамай, жаңа тұлғамен көрінсе, сонда ғана ол дараланған характер бола алады. Оның еткен әрекеті басқа біреудің әрекетіне ұқсап тұрса, онда дараланған болмайды, сол бұрынға жасалған образдан көшірген тұлға болады. Ол жазушы көшірмек Тагіл, ол кітапты оқымаған болуы да мүмкін (нашар жазушылардың көбі кітап оқымайтын болады). Бірақ анау жасалаған образ сонда да дараланған болмайды, ал жазушы бәрі – бір, “содан көшіреді” деген кінәдан тазаланбайды.
Сөйтіп, “нағыз образ” деген сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек. Және сол характерлердің бәрі дараланған болуға тиіс, оны, Горький сөзімен айтқанда, “Жан – жақты жетілген образ” дейді.