Жалпы тіл білімінің қалыптасуы

  1. «Жалпы тіл білімі» атауы — лингвистиканың жалпы тілдік теориялық саласы және оқу пәні деген екі мағынада қолданылады.

Жалпы тіл білімі лингвистиканың теориялық саласы ретінде XIX ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.

Дыбысты тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы — алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалды. Оның айқындалуы адам баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсалды құбылыстарды зерттейтін, соның негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дү-ниеге келтірді.

Жалпы тіл білімі — лингвистиканыңжалпытілдік теориясы. Ол — бүкіл лингвистиканыңбағыт-бағдарын белгілейтін компас ғылым. Жалпы тіл білімі одақ көлемінде оқыту жүйесіне лингвистикалық пән ретінде 1963 жылдан бастап енгізілді. Бүл пәннің алға қоятын мақсаты — оқушылардытеориялықлингвистиканыңең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында түрғанбасты-басты проблемалардан оқу программасы талабына сай жүйелі білім беру. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатысы. Бұл бөлімдердің әрқайсысы өз ішінен бірнеше тарауларға, параграфтарға жіктеледі.

  1. Лингвистиканың объектісі мен салалары. Ғылымдардың түрлі салаларға жіктелуі олардың зерттейтін объектілерінің сипатына байланысты. Ғылым объектісі деп оның зерттейтін, қарастыратын мәселелерін айтады. Объектісіз ғылым болуы мүмкін емес. Лингвистиканың объектici — адамдардың дыбысты тілі. Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатысын да түгел алып, жан-жақты зерттейді. Лингвистика үшін дыбысты тілге қатысты мәселелердің бәpi де керек, бәрі де маңызды. Лингвистикаға даму сатысына, қоғамдық рөліне, генеологиялық, типологиялық сипаттарына, қолданушы қауымның сандық шамасына, функциялық көріністеріне қарамастан дүние жүзіндегі тіл атаулының барлығы да объект бола алады.

Дыбысты тіл — қыры мен сыры мол, өте күрделі құбылыс. Оны бip ғана тәсілмен, бip бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу iciн түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Лингвистикада тіл білімінін алдымен жеке тілдер туралы ғылым, жалпы тіл білімі деп eкi топқа бөледі. Же­ке немесе туыстас тілдерді зерттейтін ғылым сол тілдің немесе тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек немесе орыс тіл білімі, болмаса түркология т. б. Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ универсалды мәселелерді зерттейтін саласы — жалпы тіл білімі деп аталады.

Тіл туралы ғылымның алғашқы қадамы жеке тілдерді сипаттаудан басталған. Ондай сипаттау тілдің құрылымдық салаларын айқындауға арналған. Тіл құрылымын зерттеу күні бүгінге дейін жеке тілдер туралы ғылымның негізгі объектілерінің бipi. Осыған сәйкес жеке тілдер туралы ғылымды өз ішінен: фонетика, фо­нология, лексикология, семасиология, морфология, син­таксис, диалектология т. б. деп бөлушілік бар.

Лингвистиканың жеке тілдерді я тілдер тобын зерттейтін саласы сол өзі зерттеп отырған тілге қатысты мәселелерді сөз етеді, оның сүйенетін материалдары да, одан шығаратын қорытындылары да сол тілге тән болады.

Жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады.

Дүние жүзіндегі тілдер қаншама көп және құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бip-бipiнe ұқсас, бәpiнe тән ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары бар. Мысалы, тілдің бәpi де адамдардың өзара қатынас құралы. Тілдердің қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық форма, сөйлем дегендер болады. Бұл тілдер құрамды бөлшектері жағынан бірыңғай, біркелкі болады деген сөз. Тіл атаулының, тілдік элементтердің қай-қайсысы да бip қалыпта қалып қоймайды, езгеріске ұшырап, дамып отырады. Сонымен бipre, дамуға, езгеpicкe түрткі болатын әр алуан iшкi және сыртқы себептер тілдер тарихының, қай-қайсысында болса да кездеседі. Бұл да барлық тілдерге ортақ жалпы заңдылық. Тіл туындыларының не ауызекі немесе- жазба түрде болатыны да тіл атаулының барлығына тән. Айта берсек, барша тілдерге ортақ осындай қасиеттер аз емес. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән сондай ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Зерттейтін объектісі — жалпы тілдің заңдылық болғандықтан, одан шығаратын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Cөйтіп, жалпы тіл білімі — тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты — тіл білімінің ең өзекті, eң негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік си­паттарын айқындау. Ондай өзекті проблемалар қатарына мыналар жатады:

  1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен,қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.
  2. Тілдің құрылымы, құрылымэлементтерініңбip-бipiмен байланысы, ара қатынасы.
  3. Тілдің таңбалық, жуйелік сипаттары.
  4. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, ішкі құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялықпроцестер,жалпы халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, т. б.
  5. Тілдердің типологиялык, генеологиялық топтары, жіктелуі.
  1. Жазудың пайда болу, даму жолдары.
  1. Тіл білімінід өзіндік зерттеу әдістері.
  2. Тіл білімінің нсгізгі салалары, басқа ғылымдар-мен қатынасы, өзіндік орны.

Бұл проблемалар — тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланыс-ты мәселелер. Жалпы тіл білімі қарастыратын пробле-маларды сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырым-дар жасағанда жеке тілдерді немесе тілдік топтарды зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топ-шылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жаса-лады. Сондықтан ғылыми негізде зерттелген тілдер неғұрлым кеп болса, жинақталатын, қорытылатын материалдар да соғұрлым көп болады да, жалпы тіл білімінің мазмұны тереңдей, ғылыми табысы молая түседі. Ал лингвистиканың жеке тілдерді зерттейтін саласы өз зерттеулерінде жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді, соны басшылыққаалады.

Осыдан лингвистиканың жеке тілдер және жалпы тілдер жөніндегі салаларының өзара бірлігі, тығыз байланыстылығы келіп шығады. Тіл білімінің бұл екі саласының арақатынасын дұрыс түсінуде В. И. Лениннің жеке мен жалпының қарым-қатынасы жөніндегі пікірінің маңызы зор. Ол «Диалектика туралы мәселе жөнінде» деген еңбегінде «Жеке жалпыға апаратын байла-ныссыз болмайды. Жалпы тек жеке де, жеке арқылы ғана болады. Әрбір жеке калай да жалпы… Әрбір жалпы тек белгілі мөлшерде ғана барлық жеке заттарды камти алады. Әрбір жеке жалпыға толығымен енбейді… Әрбір жеке басқа түрдегі жекелермен (заттармен, кұбылыстармен, процестермен) мыңдаған еткелдер арқылы байланысады» дейді.

Жалпы тіл білімі — лингвистиканың теориялық саласы дедік. Ал лингвистика және оның бір тарауы жалпы тіл білімі — көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілігінің, қиындығының басты себебі — объектісінің қыр-сыры молдығында. Лингвистиканың бірден-бір объектісі болып есептелетін дыбысты тіл жалпы адамдық құбылыс бола тұра, екінші жағынан, бір-біріне ұқсамайтын ала-құлалықтарға толы жеке-жеке тілдерге бөлшектенеді. Ал лингвистика солардың ешқайсысын да назардан тыс қалдырмауға тиісті. Екіншіден, лингвистика — әлемдік ілім бола тұра, сонымен қатар, жеке ұлттық та ілім. Өзінің туған тілін зерттейтін әр ұлт екіл-дері оған ұлттық түр енгізбей тұрмайды. Лингвистикада жарыса қолданылатын, көп жағдайда мәселені мейлінше қиындататын алуан түрлі терминдердің болуы да сондықтан.

Тіл білімі — өзіндік ерекшеліктері бар лингвистикалық мектептерге, зерттеудің әдіс-тәсілдеріне мейлінше бай. Олардың арасында ымыраға келмейтін қайшылықтар да аз емес. Бірақ соған қарамастан қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар. Олар:

И н т р а л и н г в и с т и к а. Мұндағы интра — латын тілінен ауысқан префикс. Мағынасы — ішкі. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатысын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика, ішкі лингвистика дейтін атаулар да қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары — фонетика, лексикология, грамматика.

Э к с т р а л и н г в и с т и к а—екі сөзден құралған термин. Экстра — латын тілінен алынған префикс. Мағынасы — сыртқы, сыртқары. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета — грекше жарты), сыртқы лингвистика деп, немесе оның тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттейтініне қарап функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика дейтін екі салаға бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента — латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл мен ойлаудың қарым-қатысын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.

Тіл білімінзерттеудеқолданылғанәдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанғанбағыт-бағдарларына қарай да жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралдық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы (прикладтық) лингвистика жатады.

Кейбір зерттеушілер еңбектерінде фонетиканың дыбыстардың физикалық, физиологиялық жақтарын зерттейтін саласын интралингвистикадан бөліп алып, предлингвистика деп атаушылық та бар. Сондай-ақ, әр тілдің дыбыстық мәнерлерін, экспрессивтік, эмоциялық, көркемдік мүмкіндіктерін зерттейтін саланы паралингвистика деп жіктеу де бар. Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады. Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз болады.

Жалпы тіл білімінің жоғарыда аталған негізгі проблемаларымен қатар ол қарастыратын басқа да біраз мәселелері бар. Соның бірі — лингвистикалык, ой-пікірдің қалыптасу, даму жолдары жөніндегі мәселе, яғни ғылымның өз тарихы. Өзінің пайда болу, даму жолдарын қай ғылым да ескерусіз қалдыра алмайды. Өйткені өткенді білмейінше жаңаны тану, ілгері басу мүмкін емес. Жаңаның жаңалығы өткенмен салыстыра қарағанда ғана байқалады. Осы жағдайды ескеріп, жалпы тіл білімінің негізгі проблемаларын сөз етпестен бұрын лингвистикалық ой-пікірдің қалыптасу, даму тарихына қысқаша шолу жасаған жөн.