- Әдебиетінің творчестволық әдісі де өткен заманның прогресшіл әдебиеті қолданған реализмді байыту, жаңарту негізінде қалыптасқан. XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің реализмін М.Горький «Сыншыл реализм» деп атады. Өйткені ол, өткен заман тәртібін, шындығын сынаумен шектелді.
Ал, біздің әдебиеттің реализмі социалистік өмір тәжірибелеріне сүйенеді», соның негізінде социалистік шындықты, жаңа қоғамдық тәртіпті бекітуге, нығайтуға қызмет етеді. Сондықтан да ол «Социалистік реализм»деп аталады.
- Социалистік реализм суреткерден өмірді шыншылдықпен, тарихи нақты, революциялық даму жағдайында бейнелеуді талап етеді. Суреттеуден шыншылдық пен тарихи нақтылық еңбекшілерді коммунистік рухта тәрбиелеу міндеттерімен ұштастырылады. Өйткені, совет әдебиетінің басты кейіпкері — адам-заттың жаркын болашағы үшін күрескен жаңа адам. Біздің жастарымыз оларды үлгі тұтады, оларға еліктейді.
- Социалистік шындықты бұрмаламай, терең бейнелеу негізінде бекіте отырып, социалистік реализм өмірде ұшырасатын олқылықтар мен кемшіліктерді де сьнай алады. Бірақ бұл сынау сыншыл реализм сынынан өзгеше.Сыншыл әдебиетіміздің социалистік шындықты жырлаудағы тәжірибесі, адам бақыты жолындагы күресі, қаһарлы жаңа кейіпкері азаттық аңсаған адам баласының бәріне жаңа жол нұсқап отыр. Сондықтан дүние жүзінің алдыңғы қатарды оқырмандары совет әдебиеті шығармаларын қызыға оқиды, одан өз өміріне тағлым алады, үйренеді. Қазір дүниеде совет әдебиетіндей әлемге кең тараған әдебиет жоқ.