- Орыс әдебиеті әрқашан өзінің демократтығымен, азаттық жаршысы бола білуімен, халықтығымен дүние жүзі елдері әдебиеті ішінде айрықша орын алады. Ол езгідегі еңбекші халықтың мүддесін жырлады, Россиядағы крепостниктік тәртіпке қарсы үн көтерді, адам басының бостандығы, мәселесін күн тәртібіне қойды, қанаушыларды және патша саясатын үнемі әшкерелеп отырды. Бұл идеялар кейін тереңдеп, Отанның азаттығы тақырыбына ауысты, әдебнет революцияшыл жаңаруды өзінің нёгізгі проблемасына айналдырды.
Сөйтіп, классикалық орыс әдебиеті халық өмірін, жан-жақты терең жырлаған, азаматтық идеяға толы тамаша туындылар берді. Орыс жазушылары «Өнер, өнер үшін» деген идеяны уағыздайтын буржуазиялық мәдениетке қарама-қарсы әдебиет мазмұнын халықтық ойлармен байытты.
- А.С.Пушкин өз өлеңдерінде адамның адамшылық мінез-құлқын, сезімін ардақтап, бостандықты мадақтады. М.Ю.Лермонтов поэзияны халыққа үн тарататын дабылға теңеді. В.Г.Белииский, Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, тағы басқалары жоғары идеялы халықтық әдебиет пеп өнер үшін күрестің туын көтерді.
- Жазу өнерінің биік үлгісімен де классикалық орыс әдебиеті кейінгі әдебиетке әрқашан үлгі болып саналады. Ол азаттық үшін күрескен адамдардың жаңа типін жасады, қанаушылардың образдары арқылы капиталистік қоғамның қайшылықтарын әшкерелеп сынға алды. Ұлттық характерді шебер бейнелеуімен, терең психологиямен, тіл өнерінің көркемдігімен және байлығымен ол дүниежүзілік әдебиет дамуына зор ықпал жасады.