- Әдеби сын әдебиет салансының бірі. Оны оқырманды және әдебиет дамуын таразылауда, алатын орны ерекше. Егерде әдеби сын объективті болса әдебиеттің дамуына және тиісті бағасын беруде салмағы арта түседі. Әдебиеттің дамуы тарихында әдеби сын әр алуан болады. Бір жақты асыра сынаған кезеңдерде аз болған жоқ. Әйтсе де, бұлардың барлығы сын тарихында өз ізін қалдырды, Әдеби сын, әдеби өмірдің бәрі соған қарап қай кезеңде әдеби сын қандай роль атқарғанын білуге болады.
- ХХ ғасырдың 30 жылдарында әдеби сын бүгінгі арыстарға қарай күйе жағуда ешкімді алдына жан салмаған. Бүгін де бұл әдеби сын зерттеулерді ғана қызықтырады. Бәріне төреші уақыт мырза әдеби сын көптеген жазушылармен ақындардың шығармаларын насиқаттауда шешуші роль атқарады. Оқырмандар әдеби сынның алдаспандай кесіп айтқан ой—пікірлері мен тұжырымдарын бағдарға алды. Әдеби шығарманы оқуға деген ынта ықаласы артты. Әдеби сын арқылы сонымен бірге нақты жазушының қаламгерлігі шығармашылығы кеңінен насихатталды. Әдеби сын арқылы қаламгер шын мәнінде сол сағатта—ақ белгілі жазушыға яғни ақынға айналғаны рас.
3. Әдеби сынның қоғамда алатын орны зор. Әдеби сынның көркемде ұмтылуды оқырмандар бойында тәрбиеледі және қалыптастырды. Мысалы: І.Есенберлиннің «Айқас», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер», Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар». Бұл 3 романда да қоғам өмірі үшін белсене қатысқан типтері жасалды. Мысалы: І.Есенберлиннің «Айқас» романында басты кейіпкер Асқар өз ойын ашық айтатын түрлі көзқарастар қақтығысында өзінің бағыт—бағдарын қорғай алатын, өмірді күрес деп бағалайтын кейіпкер.