- Қазақ әдеби сыны тарихы қалыптасуы, даму барысында түрлі кезеңдерді бастан кешірді. Әдеби сын әдебиеттің хал ахуалы оның көркемдік әдістері мен тәсілдеріне қилы-қилы баға берілуімен ерекшеленді.
Тіпті әдеби көркем туындыларға бір жақты қатаң түрде баға берген сәттері де болды. Бүгінгі қол жеткен әдеби жетістіктер түгелдей мансұқталған сындарда болатынын атап айтқан жөн. Мыс: М.Әуезовтің «Абай жолы» романының 1-ші кітабының дүниеге келуі өте қиын болған.
Әдеби сын осынау шығармаларға көркемдік тұрғыда баға беру, орнына саясиландырылған баға беріп, өткен өмірді көксейтін баяғы қазақ даласының тұрғындарын әспеттейтін туынды сыңарыжақ пікір білдіреді. Мұндай теріс әдеби сындар қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин және т.б. берілгені бүгінде жасырын емес.
Жалпы алғанда кеңестік жүйеде әдеби сын кей жағдайда әдеби көркем туындыны талдау сараптама жасау сынап-мінеуге жол берді. Бұның өзі кеңестік әдебиеттің партиялық тапты мүддесінен туындайтын еді. Әдебиет сынында партиялық бақылау көп жағдайда объективті, әдеби көркемдік сын орнына, саяси баға берумен басымдылық танытты. Әдеби сын тарихында ХХ ғасырдың 20-50 жылдарында осындай көзқарас нықтап орнықты.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамда жылылық кезең орнаған соң, көркем әдебиетте көркем шығармашылық тәсілде еркіндік сезіле бастады. Жеке адамның тағдырына байланысты шығармалар дүние келді. Мыс: Д.Исабеков, Д.Досжанов және т.б. қаламгерлерді туындыларында кейіпкердің ішкі дүниесі, рухани әлемі, ой-пікірі, дүние танымы көзқарасы түптеп келгенде бүкіл тағдырларында шынайы көрсетіле бастады.