- Поэзия адамның дүниеге, өмірге, қоршаған ортаға деген көркем сөзбен бейнелеген қайталанбас жеке көзқарасы, сондықтан да ол бостандықты, еркіндікті талап етеді. Поэзия түрлі жағдайлардың қуат, әсерін жоққа шығармайды, бірақ оның еркіне бағынбайды. Ол арқылы адам өзінің ішкі жан-дүниесінің толғанысын, пікірін білдіреді.
Осыған сәйкес, қазіргі қазақ ақындары дүниеге көзқарасын өзінше білдіреді, бірақ бәрі де өздерінің өлендерінде адам, сүйіспеншілік, табиғат, Отан, ана тілі сияқты дәстүрлі тақырыптарды бірдей жырлайды. Мәселен, Ақұштап Бақтыгереева ана тіліне қатысты жазады. Ана тілінің үнділігі, саздылығы жөне қайталанбас ерекшеліктері туралы жырлайды.
Жұбан Молдағалиевті ана тілінің тағдыры, туған жер-мен және халықпен, оның дархан даласымен тығыз байланысты бабалар тілі, аналар тілі мәселесі толғандырады («Қазақ тілі», «Қазақшадан аударма», «Өсиет»).
Сәуле боп тұрсын санамда
Әлдиі, үні мәңгілік.
Білмесін білсін түсімнен,
Ұқпасын ұқсын түрімнен,
Танысын дүние ісімнен,
Танысын туған тілімнен.
2.. Ж.Молдағалиев қандай тақырыпқа жазса да, азаматтық, ізгілік, адамгершілік мәселелері ол үшін ең бастылар, жалпы оның поэзиясының ой өзегі осындай.
Ж.Молдағалиевтің шығармасынан біз нағыз қазақ поэзиясын көреміз. Оның поэзиясы даламыз сияқты шал қар, өлеңдерінен судың сылдыры, желдің шуылы, жасыл алқаптың дарқандығы көрінеді» деп жазады қазіргі әдебиет танушы Мүсілім Базарбаев.
Әдеби процесс үнемі дамуда болады. Бұл процесте дәлелденген жалаңдық-сабақтастық басты мәнге ие. Атап айтқанда қоғамда адамзат барлық бүкіл тарихында құрылған өзгерістер толассыз, тоқтаусыз жүріп жатса, көркем сөз жүйесінде дүниені көркемдік тұрғыда тану бағытында даму бір сәтке тоқтамайды, үнемі қозғалыста болады. Бұған әдеби үдеріс дамуы куә. Бір кездері әдебиетте классицизм басымдық бағытқа ие болса, ендігі бір дәуірде романтизм әдебиет сахнасына көтерілді. Оған іле-шала реалистік тәсіл көркемдік әдіс ретінде көпке мәлім. Ал бүгінгі көркемдік сана әлемінде жоғарыда аталған шығармашылық тәсілдердің барлығы дерлік тұтас күйінде үйлесім тауып, шығармашылықта қолдануда. Көркем әдебиет қоғамдық сананың бір түрі. Әр қоғамда, әр ғасырда адамдардың сол уақытқа ғана тиесілі ой арманы, мақсаты, мүддесі болады. Сол арқылы дүниетанымын аңғартады.
- Бұл көркем әдебиеттің әр тегіне, түрлеріне, жанрына тікелей қатысты. Зерттеулер көрсеткендей ең көнесі – поэзия болып табылады. Оның көркемдігі, суреттелуі көркем әрі сурет. Сол үшін де ең алдымен дүние келген поэзиялық, поэтикалық шығармалар деуімізге әбден болады. Қазақ әдебиетінде де поэзия мейлінше дамыған. Дастандар, жырлар, бұған дәлел. Ал проза оның түрлері атап айтқанда роман жанры ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. Поэзия жанры дәстүрге бай. Қазіргі қазақ поэзиясының тарихы өте үлкен, әрі бай. Ал әдеби үдерістегі жаңашылдық белгісі дегеніміз не? Бұл ұғым өз бойына бір қатар шығармашылық және теориялық тұжырымдарды сыйғызады. Мысалы: әдебиеттегі аңыз оқиғаларды діни, мифтерді реализм мен романтизмді қиял арман еткен. Ал кеңес әдебиетінде С.Сейфуллиннің жаңалықтары белгілі.