- Дулат Исабеков 1942 жылғы 20 декабрьде Шымкент облысы, Сайрам ауданы, «Ленин жолы» колхозында туған. Осы облыстың Арыс ауданында орта мектеп бітіргеннен кейін екі жыл монтер боп жұмыс істеп, 1961 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі де, оны 1966 жылы тамамдайды. Оның алғашқы әңгімелері 1962 жылдан республикалық газет-журналдарда жариялана бастаған, 1966 жылы, университетте оқып жүрген кезінде, «Бекет» атты повесть пен әңгімелер жинағы жарық көрді. Содан бері бірнеше кітабы шықты. 1975 жылы «Қазақ фильм» киностудиясы Д.Исабековтің «Гауһар тас» повесі бойынша көркем ретті фильм түсірді («Храни звезду»).
- Өткеннің бәрі тарих еместігін, тек есте қалған, ұзақ жылдардан соң артыңа алма мойныңды бұрып қараған мәурітінде көз алдына елесі желіп, ілкіде жүрек-жүйкенді сағыныш болып буатын, мамдат намазындай қасиетті пәстер ғана тарих атын иеленуге қақылы екенін енді-енді, қазір ғана пайымдаған іспеттіміз.
- Әдебиетте сол сияқты, әлем жаратылғалы бері миллиондаған кемеңгер мен ойшылдар құпиясын ашуға талпынып, түн ұйқысын төрт бөлседе тоқ етер түйінін таппаған, я сыры, я формуласын ұқтырмаған жұмбақ дүние, құйрығын ұстатпаған Керқұла, ал әдебиет тылсымының, бірі-кейбіреудің ондаған кітабы бола тұрып, аты-жөнін тамыр-таныстарынан өзге ешкім білмеуі, ал енді біреулер жалғыз әңгіме, қысқа өлең, пышақтың қырындай кітабымен-ақ әлемдік әдебиеттің алтын қорынан орын алуы. 60-жылдардың ортасына таман сол кездегі «Лениншіл жас» газетінің екі-үш нөмірінде «Шойын құлақ» атты әңгіме жарияланып, әдебиет құмар қалың оқырманды ғана емес, белгілі сөз зергерлері — қаламгерлер қауымын елең еткізген әңгіме авторымен танысу әркім-әркімге мұрат болуға айналған.