- Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 августа Батыс Қытай, Шыңжаң өлкесінің Құлжа қаласында туған. Қазақ орта мектебін, қыздар гимназиясын бітіріп, сол гимназияда екі жыл ұстаз болған.
М.Айтхожина 1958 жылы атамекені — Қазақстанға оралып, 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түскен. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде қызмет еткен. Тұңғыш өлеңдер жинағы — «Балқұрақ» 1962 жылы жарық көрген.
- Ақын қазір творчестволық жұмыста. Шығармалары: Шыңдағы жазу. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Аққуым менің Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Қарагөз-Айым. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1973; Баянжүрек. Өлеңдер, балладалар, поэма. А., «Жазушы», 1974; Көзімнің қарасы. Қазақ елінің басына қаралы күн туып, өз елі мен жерінен қуғындалған кезде, сол касіретті күндердін алғашқы кұрбандарының бірі қажы атам болыпты.. Ол кісіні «Итжеккенге» айдап, әкем Ғалиды «Қарағаш» мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкеледі. Бес баласы аштан өліп, әкем түрмеден, шешем Бифатима «Иіруден» қашып, Қытай жерінде табысып, мен дүниеге келіппін…
- Құстар қайтып, шұбырьш барады елге, Қауышады аңсаған дала, келге!.. Алып кетер ажалдан бұрын мені, Елге деген сағыныш — Қара жерге… немесе: Кеткен алыс аралап сағым қырды,
Жаным жырлы, айтатын өнім нұрлы.
Амалым жоқ айтпасқа бұл шындықты,
Сағындырған туған жер,
Сағындырды.., —
деп келетін шумақтар соның айғағы.