Мекемелердің жобаларды басқарудағы коммуникациясы

Оқиғалы маркетинг (event-marketing) және менеджмент (event-management). Оқиғалы коммуникацияның жіктелісі: мақсаты бойынша (стратегиялық және тактикалық), себебі бойынша (табиғи және арнайы құрылған), көлемі бойынша (жергілікті және ғаламдық), өткізу жиілігі бойынша (оқиғаға байланысты немесе тұрақты), форматы бойынша (ақпараттық және көңіл көтеру), мақсатты аудиториясы бойынша (сыртқы аудитория және қызметкерлер үшін). Оқиғаның табысты болуын айқындайтын негізгі критерийлер: өнімнің, компанияның имиджі, бренді; мақсатты аудиторяның ерекшелігі; оқиғаның мақсаты мен міндеттері. Арнайы оқиғаны дайындап, жүргізу кезеңдері: жоспарлау, концепция мен сценарийді дайындау, оқиғаны жүргізу, follow-up, тиімділікті бағалау.

Қоғамдық пікірді зерттеу

Зерттеудің мақсатын қою. Құралдарды дайындау: сауалнамалар, сұрақ парақшалары. Іріктеулерді дайындау: сұралушылардың саны мен құрамы. Сұрау салу, сауалнамаларды жүргізу. Жағымсыз үдерістерді болдырмау үшін сауалнаманы өңдеу, қорытынды, нәтиже, ұсыныстарды дайындау, мүмкін болатын нәтижелерді болжау. Нақты шаралар қолдану. Қабылданған шешімнің дұрыстығын тексеру және шара қолданудың (қадағалау) нәтижесі.

PR құралдарымен дағдарыс жағдайларын басқару

Дағдарыстың түрлері: дағдарыс – төтенше жағдайлар; дағдарыс – келіспеушілік, дағдарыс түрлері (мақсаттар келіспушілігі, көзқарастар келіспеушілігі т.б.). Дағдарыстың себептері және негізгі бастаулар. Паблик рилейшнз саласындағы дағдарыс жағдайына дайындық. Дағдарысты басқарудағы коммуникациялық стратегия; дағдарысқа қарсы штаб құру – ақпараттың бірыңғай көзі; болған оқиға туралы мәлімдеме дайындау, дағдарысты жеңуге қарсы іс-шаралардан тұрақты ақпарат беру. Ұйым қызметекерлерімен PR-коммуниациялар.Маркетингтік коммуникациялар.

Маркетингтік коммуникациялар тауар немесе қызмет туралы мақсатты аудиторияның ақпаратын беру үдерісі. Маркетингтік коммуникациялар маркетинг-микстің элементі ретінде. Маркетингтік үдерістің (компания қызметкерлері, оның өнімдерін сатушылар, жеткізушілер, өнім өндірілетін немесе дайындалатын аумақтың тұрғындары, БАҚ, коммерциялық қызметті мемлеекеттік реттеуші органдар, сатып алушылар т.б.)

Жоспарланған маркетингтік жолдау (PR, сатуды тұрақтандыру, жеке сатулар, тура маркетинг, сату орнындағы жарнама, қаптау, арнаулы сувенирлер, демеушілік, лицензия беру, қызмет көрсету) және жоспарланбаған маркетингтік жолдаулар. Біріккен маркетингтік коммуникациялар. Маркетингтік коммуникацияның ерекшеліктері: хабардың сипатын қайталайтын коммуникацияның мақсатты сипаты, мақсатты аудиторияға кешенді әсер ету. Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы.