- Әнуар (Әнуарбек) Тұрлыбекұлы Әлімжанов 1930 жылы 12 майда Талдықорған облысы, Андреев ауданы «Қарлығаш» аулында туған. Алдымен шешеден, 1941 жылы январда әкеден жетім қалған Әнуарбек «Екпінді» интернатында интернат жабылған соң балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. Колхозда шопан, сүт тасушы, жанармай тасушы, тракторист сияқты тіршілік жағдайына қарай шаруашылықтың біраз саласында алғашқы еңбек мектебінен өткен, өмір көрген.
1949 жылы Ә.Әлімжанов Лепсі педагогикалың училищесін, 1954 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситетінің журналистикабөлімшесін бітірген. Жазушы өзінің журналистік қызметін облыстың «Алма-Атинская правда» газетінен бастаған, 1955 жылы март айынан бастап «Литературная газетаның» Қазаңстан бойынща меншікті тілшісі, кейініректе «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша «Правда» газетінің тілшісі, «Қазақфильм» студиясының Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы,
- Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары қызметтерін атқарды. 1985 жылға дейін республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық советі президиумының председателі болып қызмет атқарды.
Қадамын көркем очерктермен бастаған Ә.Әлімжановтың қаламынан туған көлемді повесть, романдар тек қазақстандық оқырмандарына ғана емес (ол орыс тілінде жазады), сонымен қатар Одақ, шет ел қауымына да кеңінен таныс. Оның кітаптары СССР халықтарының көптеген тілдеріне, шет тілдергеаударылған.
- Ә.Әлімжанов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж.Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы орденімен наградталған.
Жазушы Ә.Әлімжанов Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Советтік Комитеттің мүшесі.