Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан ақындардың бірі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Оның өлеңдерінде ұлттық ою- өрнектер айқын аңғарылады. Ақын алғашқы туындыларының өзінен –ақ шынайы ақын екендігін танытты. Оның өлеңдеріне тән ерекшелік көркем сөз өнерін ақындық тіл мен шебер бере білуінде.
Ақын поэзиясындағы әдеби дәстүр ең алдымен мынадан байқалады. Атап айтқанда ақын өлеңдері халқымыздың бай ауыз әдебиетімен суарылған. Сондай-ақ әлемдік әдебиеттің жетістіктерін ақын шебер пайдална алады. Ақын поэзиясы қай уақытта да ұлт мәселесін, оның мүддесін шебер суреттеумен айшықталады. Ақынның “Шашы ағарған қыз”, “Жаз суреттері”, “Ауыл кеші” атты шығармалары қазақ әдебиетіндегі тың әдеби дәстүрді жалғастырушы туындылар.
- Ақын поэзиясының жаңашылдығы бүгінгі қазақ поэзиясының қол жеткен табыстарын шеберлікпен пайдалана отырып шынайы поэзияны дүниеге келтіру болып табылады.
Ақын өлеңдері сыршыл болумен біргелікте ондағы лирикалық кейіпкер айтар ойын кесіп айтатын, шындықты жасырмайтын, жасампаздықты жаны қалайтын негізгі тұлға.
Фариза Оңңғарсынова қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары келген ұрпақтың өкілі. Оның өлеңдеріне сол жылдардағы қоғамдағы демократиялық өзгерістер ұлттың өз болмысын сақтауға деген ұмтылыстары тән.
Ақын шығармаларының тағлымы мынада, ең бастысы өз шығармаларын туған халқына арнауы, оның мүддесі мен санасып, болашағын ойлауында дер едік. Сонымен бірге ақын шығармаларының жетістгі бүгінгі қазақ әдебиетінің өсіп -өркндеуінің қаншалықты дамығанын көрсете білуінде. Ақын, шығармалары қазірде үлкен сұранысқа ие. Ақын сондай-ақ публисцистикалық сипаттағы очерктерді де көптеп жазған. Ақынның очерктері өзінің көркемдігімен ерекшеленеді.
- Бүгінгі қазақ әдебиетінде ақынның өз қолтаңбасы қалыптасқандығы белгілі. Ақын сондай-ақ ұзақ жылдар бойы журналистика саласында жемісті қызмет етіп, балалар басылымдарында “Ақ желкен” және “Жас алашта” басшы қызметтер атқарды.
Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетінде поэзия жанрына сүбелі үлес қосқан ақындардың бірі.Оның өлеңдеріне шынайылық, жаңашылдық тән.