Т. Молдағалиев шығрамаларындағы әдеби дәстүр

  1. Тұманбай Молдағалиев — таланты ерте танылған акындардың бірі. Елуінші

жылдардың орта кезінен күнделікті баспасөз бетінде жариялана бастаған оның өлендері оқырмандарды селт еткізіп, бірден әдебиет сүйер қауымды өзіне баурап алды. Оның себебі, Тұманбай өлеңдерінің адам сезімін, оның көңіл-күйін, жастықтың құпия сырын шынайы бейнелеуімен байланысты еді. Бір кездерде, жеке адамға табыну тұсында, өлеңді тек саясатқа құрып, науқандық істерге үгіт есебінде көбірек пайдаланғанымыз бүгін жасырын емес. Адамның ішкі сезім күйіне, махаббат такырыбына аракідік болса да барған ақындарымыздың тебесінен жұдырық кетпеді. Осыдан барып шын лирика, адамның рухани тіршілігін, жеке басының қуаныш-сүйінішін, сүйіспеншілік сезімдерін, туған табиғатымен сырластығын жан-жақты бейнелейтін туындылар тым азайып кетті.

  1. Адам еркін тежеген, ойыңдағыңды еркін, ашып айта алмайтын осы бір тұсаудан бізді партиямыздыц XX съезі ғана құтқарды. Тұманбай осы бір тұста әдебиетке келді де, өзінен бұрынғы ұрпақтың бойына сіңген тежеуге ілікпей, адам ырқына ғана тән еркін ойды, ашық, бүкпесіз сөзді айтты. Жастығын, махаббатын, туған елінің табиғатын, көктемін жырлады. Осындай жағдайда шын сезімді, адамның көкейін жарып өтетін сүйіспеншілік сырын аңсап отырған кауым, әсіресе, ақынның өзі сияқты еркін ойлап, еркін сөйлеуге ұмтылған оның құрбы буыны Тұманбай өлеңдерін ду көтеріп әкетті. Ол әдебиетке осылай жастықтың, махаббаттың, көктемнің жыршысы болып енді.
  2. Ол отыз кітаптың авторы, Қазақ ССР Мемлекеттік және Қазақстан комсомолы сыйлықтарының лауреаты.

Барлық жақсы ақындар сияқты Тұманбай өмірі де оның өлеңдеріңде. Оның туған ауылы, өскен ортасы, көрген өмірі, Отан, ел, адам сүю сезімдерінің- қалыптасуы жайлы мәліметтерді ақын шығармалары бізге толығырақ береді. Оның лирикалық каһарманы балалығын соғыстың ауыр кезінде өткізген, содан жанына ұмытылмас жара түскен (әке өлімі, жоқшылық, жетімдік сезімдер) жан адамның көңіл күйін бейнелейді.