PR-жобаның концепциясын жасау

Негізгі үлгілер

PR-дың екіжақты байланысты орнатып, қолдау қажеттілігі жайында өз философиясы бар.

Паблисити. Бұл ұғымның түсінігі – паблик рилейшнздің кәсіби жүйе ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі ең алғашқы мақсат болып табылатын ұйымды жылжыту, қандай жолмен болмасын жағымды паблисити жасау.

Қоғамды ақпараттандыру. Бұл үлгінің алдыңғы үлгіден айырмашылығы бар. Оның басты мақсаты паблисити мен жарнаманы қамтамасыз ету емес, халыққа ақиқат, нақты ақпарат беру. PR-дың бұл үлгісі бүгінде мемлекеттік кәсіпорындар, қоғамдық-саяси ұйымдар, ассоциациялар, коммерциялық емес ұйымдарда қолданылады.

Екіжақты ассиметриялық үлгі. Бұл сендіру әдісі және әлеуметтік ғылымдардың қол жеткен табыстарын қолдану арқылы кәсіпорынның және мекеменің мүддесін қорғау. Бұл коммуникацияның үлгісінде кері байланыс болғанына қарамастан (қоғамдық пікірге сұрау салу, фокус-топтар, интервью) – пікірлерді зерттеу PR-науқандарды жоспарлауға қажет.

Екіжақты симметриялық үлгі. Кәсіпорын немесе мекеме екі жаққа да қолайлы іскери қатынастар орнатады. Бұл жағдайда PR-дың мақсаты ұйым жетекшісі мен қоғамның арасындағы өзара түсіністікке жетуді көздейді. Екі жақ та өзара түсіністік пен өзара қызметке жеткен топ ретінде қабылданады.

Тұсаукесердің жедел себептері. Тұсаукесердің мақсаты: оқиға жайлы ақпарат беру, аудиторияны ұйымның мақсаты мен міндеттеріне қатыстыру, аудиторияны эмоциялық өзара қызметке тарту. Тұсаукесерді жоспарлау: басым бағыттарды анықтау, мақсатын анықтау. Уақыт пен күнді таңдау. Мақсатты аудиторияны анықтау. Жоспар мен сценарий жасау. PR-үндеуді дайындау және концепциясын жасау. Тұсаукесерді ұйымдастырып, өткізу. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар: тұсаукесер продюссерлері (тапсырыс берушілер), сценарий жасаушылар, қоюшы режиссерлер, тұсаукесердегі орындаушылар, қосымша қызметкерлер (режиссердің ассистенті, компьютерде безендірушілер, операторлар, костюм жасаушылар, залды безендірушілер, жарық берушілер т.б.); көрермендер (бағытталған аудитория). Тұсаукесердегі креативтілік: ерекше сценарий, күтпеген өткізілетін орын, көрсету залын ерекше, түпнұсқалы безендіру, әдеттегіден өзгеше безен (залдың, қызметкерлердің, қатысушылардың сыртқы келбеті, көрсетілетін слайдтар мен үлестірмелі материалдардың, сыйлықтардың түпнұсқалығы); халықты біріккен қызметке тартудағы жаңа әдістердің қолданылуы, жанрдың түрлі стильдерін қарама-қайшылықпен үйлестіру; тұсаукесердегі жарық беру мен түстің өзгешелігі.