- Қазақтың көркем прозасы, негізінен, жиырмасыншы жылдардың бергі жағында туып, қалыптасты. Революциядан бұрын «роман» деген атпен басылған шығармалар («Қалың мал», «Қамар сұлу», «Бақытсыз Жамал») таза прозалық үлгіде емес, өлеңмен аралас келетін, көркем суреттері аз, белгілі бір сюжетті әңгімелеп шығатын схемалық хикаялар еді. Жазу мәдениетінің кеш тууы шын мағынасындағы көркем прозаның дамуын да кешеуілдетті. Ал жиырмасыншы жылдар ішіндегі тарихи оқиғалар легінің қабаттасуы, адам өмірі мен тағдырының күрделілігі, өлеңнің ауқымына сыймастай өзгерістердің молдығы прозаның дамуын жеделдетті. 1917жылғы революциядан кейін-ақ, бұрын болмаған проза рлерініцбаспасөзбсггеріндекөрінебастауы,жиырмасыншы жылдары олардың қарқынмен өрістеуі бұған дәлел жақсысы, олардың бәрі бір қолдан шыққандай, жатқанды үлгілерге сүйенбей, әр түрлі жазушылық стильді, түрліше жазу өрнектерін алға тартты. С.Сейфуллиннің «Жұбату» әңгімесінің лирикалық сыршылдық үлгісі, М.Әуезовтің «Қорғансыздың күиі» әңгімесіндегі психологиялық сурет, адам бейнесін кейіптеу, Б.Майлии әңгімелеріндегі өмірдің өзіне сүйенген очерктік стиль, суреттеме әдісі әр тақырыптағы, әр үлгідегі түрлердің жарыса көрінуінің белгісі сияқты еді. Ұлттық әдебиетте кеш туып-дамыған жанр болса да, прозаның келешегін бұл жайлар айқын аңғартады.
- Ғазизаның үй-жайы, қарт әжесі мен оның) әңгімесі арқылы берілген қорғансыздардың күні әңгімеде әлеуметтік? тұрғыдан өткір суреттелген. Ғазизаның қорлыққа шыдамай, күйзеліп барып өлуі алдындағы жан төбіренісі мен сол түні екілене соққан ызғырық боран суреттерінен жазушының психологиялық прозаға бет бұрғаны тапылады. Осындай күйзеліске салқынқандылық байқатқан, сол тартыстың күнәкары Ақан болыс пен оның шабарманы Қалтай бейнелері оқырман жүрегінен жиіркенішті орын алады. Қорғансыздар тақырыбын Мұхтар «Қыр суреттері», «Жетім», «Кім кінәлі» сияқты әңгімелерінде жалғастырды. «Ескілік көлеңкесінде» әңгімесінде ескі салттың құрбаны болған қазақ қызының өміріне аяушылық білдірді. Қазақ қызының тағдырына қатысты оқыған азаматтардың түрліше типіне («Үйлену», «Сөніп-жану») назар аударды. Жазушы олардың характерін жан дүниесіне үңіле отырып, қалтарыстарын аша суреттейді. «Қаралы сұлу»жесір әйелдің жалғыздық сезімін терең ашады.
- 20-жылдардың екінші жартысында Мұхтар қаламынан «Қараш-қараш оқиғасы» (1926), «Қилы заман» (1928) сияқты повестер туды. Бұл тұста әуелде Ташкентте, кейін Ленинградта оқып жүрген автордың әдебиеттегі адам мен оның еңбегі, қоғамдағы орны сияқты өзекті мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарай бастағаны айқын көрінеді. Оның адамның өмірде ешкімге тәуелді болу үшін тумайтығын, оның өмір жолындағы қақтығыстар сол үшін бұлқыныстың, азаттықты аңсаудың нышаны екенін тануы — осының дәлелі. «Қараш-қараш оқиғасының» кейіпкері Бақтыгүл күнкөріс үтпін ұрлық жасап, артынан Жарасбай болыстың барымташысы болып жүріп, еркін өмірді аңсайды. Жарасбайға байланып қалғанын кеш сезген ол ақыры болысты өлтіріп тынады. Оның әрекетінде әділетсіздікке қарсы күрескен қайсар, намысқой, жігерлі жігіттің өмір құрығынан босанғысы келген бұлқыныстары жатыр. Қамауға түскен Бақтығұлдың баласы Сейітті қасына алып, оның орысша оқуына зер салуынан, білім жолына бағыттауынан заманның беталысын аңғарған адамның ойлы ісі танылады.
«Қилы заман» 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының материалдары негізінде жазылған. Онда патшаның отарлау саясатының қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алу кезіндегі сорақы іс-әрекеттері, оның сойылы соққан ел басшыларының қылығы, қарапайым халықтың қуғын-сүргіндегі өмірі суреттеледі. Өз басын қорғап бас көтерген, бостандық аңсаған халыққа патшашылдықтың өшіге зорлық жасауы психологиялық тұрғыда жан-жақты терең ашылған. Жазушы 1916 жыл оқиғасын қазақ қоғамын ашындыра қозғаған, елдің бас көтерер азаматтарын қатерлі жолға бастаған ірі қозғалыс есебінде бағалайды.
«Образ»— деген сез әдебиетте ңегізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші — адам образы — тип мағынасында.
Көркем сөз ұғымында — образға тңдеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те айтамыз.
Екінші, «адам образы» — тип — мағынасында қолданамыз. Бұрын образ (адам образы) деп ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды. Қазақша образды — типті — кейіпкер, ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер деп те Жазып жүрміз.
Бұл кітапта біз адам образы — тип — (қазақша:, кейіпкер) деген сөздерді бір мағынада қолданамыз.
Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттелінеді дедік. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін кеп адамдарға тән іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең керекті, екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Міне, адам образы — тип — деп осыны атаймыз.
Мысалы, Обломовтың образы крепостнойлардың ақысыз, тегін еңбектеріне енушіліктің арқасында туған помещиктердің икемсіздігін, жалқаулығын көрсетеді. Бірақ Гончаров еш әрекеті жоқ помещиктердің жалпы қасиеттерін, әрқайсысын әр жерден шетінен алып қалай болса солай жаза бермейді. Бір адамды оны помещиктердің өкілі етіп көрсетеді. Помещиктерде болатын барлық ерекшеліктерді сол адамның бойына сыйғы-зып көрсетеді. Барлық помещиктердің әдетін, мінез-құлқын, ісі тағы басқаларын да сол адамнан табуға болады Демек керекті жайт— жеке адамға тән мінез. Әдеби мінез (литературный характер) жайшылықтағы мінезден анағұрлым терең, анағұрлым кең. Жайшылықта біз біреуді жеңіл мінезді ие салмақты, ауыр мінезді кісі дейміз. Мұның негізінде де бір адамды екінші адамнан айыру, жекелеу жатқандығы сөзсіз. Бірақ ол қорлық емес, адам мінезінің тек бір-ақ жағын көрсетеді. Көркем әдебиеттегі жеке адамға тән мінез: адамның мінез-құлқын, танымын, сенімін, ой-пікірін, өмірге көзқарасын, психологиясын, күйініш-сүйінішін, басқаларға қарым-қатысын, сөздік қорын, тіпті оны қолданудағы ерекшеліктеріне шейін қамтиды. Осылардың бәрін бір адамның бойына сыярлық сипат етіп шебер суреттеудің негізінде сол адамның бейнесі, образы, айнаға түскен сәуледей, біздің көз алдымызда тұрады. Осыны образ не, адам образы деп атаймыз.
Жазушылар жеке адамға тән мінездерді жасағанда адамның. өмір жолдарын, іс-әрекеттерін баяндайды, сол арқылы оның мінезінің қалай қальштасқандығын елестетеді.
Жақсы не жаман мінез бір күннің не бір жылдың ісі емес, талай жыл, талайғы өмір соқпақтарының нәтижесі екендігін аңғартады. Көркем шығармадағы кейбір әдеби мінездің қалыптасуы өмірдің, өз ортасының әсерімен біртіндеп өсе келе мүсінделуі де, кейбірі белгілі қайшылықтардан кейін ғана қалыптасуы да мүмкін. Шығарманы ой көзімен оқыған кісіге мұны аңғару қиын емес.
Көркем шығармадағы әдеби мінезді сөз еткенде, айрықша көңіл аударуды қажет ететін негізгі бір мәселе — кейіпкердің толып жатқан мінездерінің ішінеи қай мінезін жазушы бірінші орынға қояды, қайсысын жекелеп, ерекше көзге түсерліктей етіп суреттеуге күш салады, міне шығарманың идеясын айқындауда болсын, образдарды талдауда болсын, бұл мәселенің мәні зор. Сондықтан әрбір әдебиетті үйренуші адам образдың бұл ерекшелігін жақсы ұғынуы керек.