- Қазақ әдебиетін зертеу тарихында текстологиялық жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы да Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстармен бірге туды.
Абай шығармалары мен ақын өмірбаянын арнайы зерттеуді 20-жылдар басында саналы түрде қолға ала бастаған М. Әуезов ұлы мұраны тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да, ерте сезінді.1924-жылдың ішінде — ақ Абайшығармаларының толық жинағын құрастырып, жариялауда алдымен қолға алды.
2.Тұңғыш төл жинақты құрастыру процесінде асыл түпнұсқа ретіндсгі Мүрсейіт Бикеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдсрі мен дс хатқа түспей санаулы кісілер санасында сақталып келе жатқан көпшілікке беймәлім шығармалары мен аса күрделі текстологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды.
Абай іиығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен автор ақын мұрасын қамтыған деректер кезі мен текстологиялық зерттеуде ақын өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысын бірлікте жүргізді. М. Әуезов Абай мұрасын зерттеуді о баста-ақ бөліп жармай, тұтас алып, қарастыруды мақсат еткен. Абайтану еаласында атсалысқан замандастары арасында М. Әуезов ақын шығармалар хронологиялық принцип негізінде тұтас қамти зерттеуімен де дараланады.
- М.Әусзов Абай мұрасы жайлы зерттеулерінде асыл түпнұсқаға тірек
негіз болар сан қилы деректер көзіне айрықша көңіл бөлді. Бірақ сол ортада
туып, сол жерде өссе де, Абай қолымен жазылғаи асыл түпнұсқа қолға
түспеді. Абай қолымен жазылып қалды деген автограф ретіидегі бip ғана
хат пеи «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген шығармасының бір бөлігі ғана (2-бет) сақталған да қалған автограф түгелдей бүгінгі ұрпақ қолыиа жетпей қалды. Осы себепті М. Әуезов Абай шығармаларының асыл түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба peтінде таратыла бастаған МүрсейітБикеұлы топтастырғанкөшірмелерді пайдаланған.
М.Әуезов Абай мұрасына ерте көңіл бөліп оны жинастыру, деректер жию, зерттеу процесінде негізгі қайнар көздері ретінде пайдаланған тірек – негіз іспетінде ұстанған арналары бар.