Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жай күйі.

  1. Әдеби процесс (бұл процесс, әдеби үдеріс) деп аталады. Бұл әдебиетегі дәстүрлермен оның жалғастығын, сабақтастығын зерттейді. Дәстүр жалғастығы оның тағылымы әдебиеттік процесті құрайды.

Әдеби дәстүрді игеруі және жалғастыру белгілі бір процестің дамуында аңғартады. Мыс: қай әдебиет болмасын, оның өзіндік дәстүрі болады. Әлемдік әдебиетте белгілі классиктер өзінің әдеби дәстүрін қалыптастырады. Қазақ әдебиетінде бүгінгі Абайдың ақындық дәстүрі деп аталады арнайы процесс орнықты. Абай шығырмаларында оның тақырыбы мен дәстүріне сай әдебиетте көптеген ақындар өз туындыларын дүниеге әкеледі. Сондай-ақ қазақ әдебиетінде проза дәстүрі соның ішінде роман жанры тек қана ХХ ғасырдың басында ғана дүниеге келді.

  1. Бұған дейін роман жанры әдеби үдерісімізде болмаған. Мінекей, өзге елдер әдебиетіндегі әдеби процестің қазақ әдебиетінде енуі үлкен жаңалық болды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде проза жанрының негізін құрайтын қара сөздердің өзі көп жағдайларда поэзиялы тұрғыда үн қатады. Француз әдебиетшісі Луй Арагонның айтуынша М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопиясы ән салып тұрғандай оқылады.
  2. Бұл дәстүрлі қазақ поэзиясына прозаға әсері, поэзияның проза мен арадағы сабақтастығы. Былайша қарағанда поэзия мен проза екі бөлек дүние, екі түрлі әдеби жанр. Бірақ прозада, поэзия секілді әуен мен әуезділіктің болуы екі жанрды жалғастырады яғни сабақтастық орнатады. Сөз өнеріндегі тағылым мен жетістік суреткер жетістігі. Дәстүрді шығармашылықпен игеру бұлда әдеби процестегі басты көрнекіліктер. Кеңестік әдеби процесте шығармашылық әдістің негізгі түрі социалистік реализм болып танылуы керек.