Журналистикадағы шығармашылықтың негізгі түрі – публицистика. Оның мақала, ақпарат секілді түрлері телерадиода да көптеп пайдаланылады. Қазіргі публицистикадағы негізгі тақырып – еліміздің тәуелсіздігі.
Радиохабарлардың түрлері бар,радиожанрлар бар және радио пішіндер бар екені белгілі. Мұның бәрін хабар дайындау барысында журналистердің өздері жіктеп отырады.Сонымен бірге хабарлардың сипатына қарай тіл қолданыстары да түрліше болыпкеледі.Мәселен радиохабарлар түрлері: қоғамдық саяси хабарлар,мәдени хабарлар,музыкалық хабарлар,әдеби – драмалық хабарлар,жаңалық хабарлар т.б. Ал радиопішіндер : радіожурнал,радиокөпір,радиоүндесу,радиоойын,радиодиспут т.б. Сон дай – ақ радиожанрлар: радиоочерк,радиофельетон,радиосұхбат,радіорепортаж,радиокорреспонденция,радиозаметка т.б.
Бұлардың бәрінде өзіндік тіл қолданыстары бар.Мәселен ақпараттық хабарларда тіл бояулары қанық болмайды.Бұған керісінше көркем хабарларда тіл бояуы барынша пайдаланылады.Жанрларға да осындай қасиеттер тән. Радиозаметка телегравтық стильде келсе,радиоочерк күрделі сюжет тік стильде әрі әдеби тіл қолданылады.Радиозаметка фактлер мен оқиғаны қысқаша хабарлаумен қарапайым тіл де хабарланса,радиоочеркте көркем тіл кестесі қолданылады,суреттеледі. Әсіресе әдеби- драмалық хабарлар мен музыкалық хабарларда тіл б? кіл әрімен,нәрімен бейнеленіп бері леді.Сөздің эстетикалық мәніне Назар аударылады.Жоғары талам көрініс береді.Радиопъессалар,басқа да радиоқойылымдар да кейіпкерлер өмірі,тұлғасы образды түрде жеткізілеі.
Жанрдың ішінде радиоочерк пен радиофельетон көркем тілі қажет етеді.Талап пен талам қатар өріледі. Тілдік бейнелеу құралдары жанр табиғатына сай шығуы тиіс. Астарлы да, нәзік мағаналы сөздер қолданылуы мүмкін. Мұның өзі хабардың қызықты шығуына ықпал етюді. Сондықтан осы жайларды ескере отырып,хабар түрлері мен жанрдлардың жаратылысына орай тіл бояуларын орынды пайдалану міндеті туындайды.