Журналистика шығармашылық қызметінің саласы болып табылады. Сондай-ақ журналистік қызметтегі обьективті және субьективіт факторлар да көптеп кездеседі. Журналистика шығармашылық қызмет саласы болғандықтан шығармашылық ұжымның еңбегі оның негізгі көрсеткіші. Редакциядағы еңбек бөлінісі де әртүрлі және қызмет түріне қарай ерекшеленеді.
Планетадағы барша қауымды дүр сілкіндіріп, түн ұйқысын төрт бөлетін, кей-кейдегі келісу орнына қырғы қабақ соғыс өртінің тұтанып қалуын, терроризм мен экстремизм сияқты қантөгіске итермелейтін әректтерді немен ақтауға болады? Және оны бұқаралық ақпарат құралдары объективті түрде беруі бұлжымас талап! Сондайда журналистердің де құрбандыққа ұшырап, БАҚ-қа да қысым көрсетіліп қалатыны мынау мазасыз дүниедегі жасырын құбылыс есем. Журналист те бейбітшілік өмірдің жақтаушылары, сол қасиетті міндеттің күзет қырандары.
Міне, сайып келегнде әлем журналистикасының зор парызы осы болса керек.
… ХХІ ғасыр – ақпараттық ғасырға айналатыны бүгінде жиі айтылады.
… Бұған қоса журналистикада да жаһандану процесі жоқ емес.
… Ал ұлттық мүддені журналистикада қалай сақтап қала аламыз?
Осынау мәселелерді өз орнымен жүзеге асыруды ойластыру қажет-ақ, әрі бұл кезек күттірмейтін проблема. Әйтпесе, іздегенге шетел журналистикасының кемшіліктері де жетіп-артылады. Саяси өтірік-өсек, жала жабу, порнография т.б.
Қазақ журналистикасын дамытумен бірге, әлем журналистикасынның тиімді тәжірибесін пйдаланудың еш сөкеттігі жоқ.
Бұл ретте Еуропа мен АҚШ журналистикасының халықаралық деңгейдегі алар орны мен табиғатын сараптап-саралау керек. Оның жалпы адамзатқа тән сипатын интеграциялық жолмен ған байланыстырса артық есем. Әсіресе, қазіргі БАҚ-тағы озық техника мен технологияның өркендеуіне шет қалмау шарт. Сондай-ақ журналистиканың мән-маңызын атррыра беру зор міндет.
Журналистикадағы қазілгі демократиялық бағыт пен гуманистік позиция баршаға ортақ. Жер беріндегі күллі тіршілік те осынау үдеден шықса қанеки! Бұған журналистиканың алдымен қатысы барына еш күмән болмаса керек. Осындай жағдайда ған өркениет пен мәдениеттің бәйгесінде халықтық, ұлттық көкейкесті нәтижеге жетуге ұмтылатынымыз анық.
Халықаралық журналистика ізденістерін байқау, сөйтіп, елдік болмысымыздағы өз журналистикамызды одан әрі дамыта беру – негізгі мақсат болып қала береді.