Публицистік қызмет

Публицистік қызмет қоғам мүдесін көздеумен ерекшеленеді. БАҚ-тағы публицистика және ондағы материаладр жанрлық ерекшеліктермен көзге түседі.

«Жанр» деген ұғым француз тілінен шыққан,қазақ тілінде «түр»деген ұғымды білдіреді. Журналистикада жанр деп публицистиканың түрлерін атау қалыптасты.Жанр өмірді әртүрлі дәрежеде көрсетуге,өмірдің сан алуан құбылыстарына сан қырынан әсер етуге байланыста келіп туады. Журналист алдында қойған әртүрлі міндеттерге, өмірдегі сан тарам талаптарға,көрсетілуге тиісті нысанның сипатына байланысты жанр әртүрлі болады.Жанр түрін таңдау журналистің ұстанған позициясына, өзі көрсетпек болған нысанына көзқарасына,қарым – қатнасына,нысанның өзіндік қасиеттеріне байланысты.Тіл ерекшеліктері,бейнелеу құралдарының өзіндік белгілері,техникалық мүмкіндіктері әр жанрдың табиғатын,ерекшеліктерін,белгілерін анықтауға тиіс.

Журналистика теориясы бойынша жанрды төмендегі белгілер негізінде жіктеуге,анықтауға болады.1) Журналист бейнелеуге тиіс нысанны,нақты деректің өмір құбылыстың сипаты.2) Жанрдың нақты міндеті. 3) жасалуға тиіс қортындылар мен жинақтаулардың дәрежесі, көлемі,типтендіру дәрежесі.4) әдеби стилистикалық тәсілдер дәрежесі.

Бұл журналистиканың барлық жанрларына тән ортақ белгілер. Ал БАҚ тың қоғамдық міндеттерінің ортақтығына байланысты, жоғарыдағы сипаттар олардың бәріне де қатысты

Телеақпарат — шағын әрі көрерменге тез жететін жанр. Ақпаратта шапшаңдық жәнесол сәттілік баста рол атқарады.Телеақпарат қоғамның нақтылы деректерін,өмірдің күнделікті құбылыстарын сол болған сәтінде,сағатында,күнінде көрсетіп отырады.Диктор сөзімен кадрден тыс оқылатын мәтін айқындылығы,анықтылығы,қысқалығы,дәлдігімен әрі мағыналылығымен ерекшеленеді.Мұнда телеграфтық стиль мен тұжырымдылық бастр оренда тұрады.Баспасөздегі ақпараттан өзгешелігі : шыншылдығы,деректілігі,әсерлілігі.

Телесұхбаттың әсерлі шығуы жүргізушінің білімпаздығына байланысты.Тележурналист кейіпкермен арадағы әңгімеге лайықты тақырыпты таңдай білді ме, сөйлесетін адамы өз тақырыбын терең әрі жан – жақты біле ме, сол мәселе жөнінде журналистің өзнің әзірлігі қандай,ол хабарға қатысушы қонаққа қажетті әрі қызғылықты сұрақтар қоя білді ме ?Журналист қоғамдық маңызы бар мәселе жөнінде бір адаммен пікірлесіп оның ой пікірін біледі, сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады,ақылдасады. Мұнда, көпшілігінде ауызекі әңгімеге басымдылық беріліп,онда айқындылық,сөздің нәрлілігі,тұшымдылығы мен түсініктілігі басты орынға қойылады. Сұрақ – жауап,диалог,монолог,дөңгелек стөл басындағы әңгіме.Журналист ойының логикалық түрде,кезең – кезеңімен, сатай дамып, өрбуінің де маңызы зор.Мәтінсіз әңгімеде жүргізушінің сөйлеу стилі,ой тереңдігі,парасат – пайымы,сөйлеу мәнерінің молынан айқындалады.Жауап берушінің даралығына қарай сұхбат : сұхбат – ақпарат,сұхбат – пікір,сұхбат – көңіл – күй, сұхбат социологиялық зерттеу болып бөлінеді.