Бүгінгі ақпараттық қоғамды электронды ақпарат құралдарынсыз көзге елестету мүмкін емес. Ал электронды ақпарат құраладры бүгінгі күннің шындығына айналды. Элдектронды газеттер мен журналдар және жаңа технологияға негізделген БАҚ құралдары бүгінде көпшілікті жаулап алуда.
Радионың байланыс құралы ретінде танылғаны да бір ғасырдан астам ауқыт болды.Осы мерзім ішінде журналистиканың жаңа түрі радиожруналистика дүниеге келіп,қалыптасып,дамыды.Өмір сүріп отырған,ғылыми – техникалық прогрестің шарықтау шегіне жеткен осы бір электронды құралдар әлемінде,радионың өзінің мүмкіншілігін аша түсіп, қанатын кеңге жайып отырғандығы шындық.
Электормагниттік толқындарды сымсыз байланыс жасау үшін пайдалану жөніндегі жаңалық 1895 жылдың жаңа күнтүзбесі бойынша 7 мамыр күні, Петербург университетіндегі, физика аудиториясында Александр Степановч Паповтың баяндамасы арқылы енгендігі мәлімОл сол кезде Корнштаттағы офицерлер мектебінің оқытушысы болды.
қазақ жеріндегі радиостанция кезінде ақ патшаның құрметіне аталған Александр портында,кейіннен Шевченко түбегінде пайда болған еді.Ол алдымен ақтар қлында болып,1919 жлы қызылдар қолына өткен болатын.Сол тұстағы тарихи көсем В.И.Ленин – радионың болашағын көре білген адам.Радионың болашағына сеніп,келешегіне арнап 200дей мақала жазған екен.
Көптеген радиозерттеуші ғалымдар қазақ жерінде радиоторабының жұмыс істей бастағандығын ауқыты жөнінде әртүрлі пікірді білдіріп келеді.Р.Сағымбеков 1912 жлы басталды десе, М.К.Барманқұлов 1913 жылды көрсетеді.Бұл деректер жөнінде ғалым Н.Омашев көптеген дерек,зерттеулерді салыстыра келе,Қазақстандағы радиостанция 1912 жылы өз жұмысын бастаған деген пікірмен тұжырымдайды.Әр түрлі басылымдар беттеріндегі материалдар деректерін саралап,салыстыра келгенде ол кездері радиоторап жұмысы бұқаралық сипат алмағандығы байқалады.Оның себептерін Қазақ радиосының тарихын зерттеуші Н.Омашев былай деп түсіндіреді :
“Біріншіден, рдиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ.Ұймдастырушылар алдарына ондай мақсат қойған жоқ.Радиохабарлары тек байланыс үшін қолданылап,желілі телеграфты қайталады.
Екіншіден,радиостанциялар мемлекетке қарағанымен,шын мәніндегі түрлі ведомостваларға қызмет етті. Олар:әскери және әскери – теңіз, сол сияқты почта – телеграф ведомоствалары еді.
Үшіншіден, Қазақстан жеріндегі аталған радостанциялар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстырушы қызметін атқарды .Олардың әскери байланыстарымен салыстырғанда шаруашылық,әкімшілік және саяси өмірге араласуы жоқтың қасы болатын !”.
1925 жылы республикалық байланыс округінің қарамағына Алматы,Әулиата,Төрткөл станциялары берілген соң хабар беріп,қабылдайтын радиостанциялар саны 14 ке жетеді.Ең алдымен радиогазет беріліп тұрады.1930 жылдардың басында елде 300 ге тарта радиогазет болды. Радиотыңдаушылардың күннен күнге артып отырған талабын қанағаттандыра алмағандықтан хабар берудің бұл түрі тоқтатылды да, оның орнына “Соңғы хабарлар” мен әр түрлі тақырыптардағы дербес хабарлар беріле бастады.1924 жылы “Жекеменшіктегі радиоқабылдағыш радиостанциялар туралы”қаулы қабылданған еді.Қаулы нәтижесінде радио ісі алға баса бастады. “Радиолюбитель”журналының тұңғыш саны жарыққа шықты.
1938 жылы республика бойынша 81 радиоторап,12 мыңнан аса радионүкте жұмыс істеді.Радиодукторлар жетіспеді, халық оны қағаздан жасады.Сол себепті оны ұйымдасып тыңдау әдеттке айналды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі радионың атқарған ролін айтып жеткізу қиын дейді сол кездің өкілдері.Майдандағылар сол радиодан берілген хабарлардан жеңістерін естіп қуанатын,жігер алатын еді.Сол кездегі атақты диктор Левитанның қуатты даусы кейінгі уақытқа дейін тыңдаушылар жүрегін дір еткізеті.
Бір кезде тәулігіне 30-40 минут қана хабар береалатын қазақ радиосының бүгінгі мүмкіндіктері орасан.Бүгінгі республика радиоторабының жұмысын былай қойғанда ,әр облыс орталығындағы радиоторабының өзі орасан зор ұжымдар ретінде қызметтер атқаруда.Қазақ радиокомитетінің алғашқы төрағасы Айтбай Хангелдин,алғашқы қазақ радиогазетінің редакторы Бейсенбай Кенжебаев, алғашқы төрағаларының бірі Құрманбек Сағындықов сияқты азаматтар Қазақ радиосының дамуына зор үлесін қосқандар.
Әр кезеңнің,әр дәуірдің өзіндік салған ізі бар, ол – тарих.Ал тарихты санадан,халық санасынан жойып тастау мүмкін емес.