Аудитория мүддесін білудің пішіні мен әдістері сан алуан. Солардың бірі мерзімді басылымдарда оның өкілдерінің баспасөз конференциясын өткізу болып табылады. Баспсөз конференциясы арқылы еліміздің түрлі өңірлеріндегі әлеуметтік –экономикалық, мәдени-рухани салаларының ерекшеліктерін айқындап алуға мүмкіндік туады. Журналистер осы мақсат үшін көп жағдайда жер-жерлерде баспасөз конференциясын өткізеді.
Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуымен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.
Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетінтолық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистік жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғарады. Әсіресе, журналист мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистік табысы жұмыс істеу екі талай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайда кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық білімділік болмаса кей нәрсені анық қанығына жету, ақ қарасын ашу оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп салдарына назар айдару керек. Ол үшін сол салаға арнай мамандармен кеңесу арқыла емес, жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақса дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көз қарасыңды білдірген жөн. Сондай-ақ журналист әрқашан өз біліміне теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек етіп білген дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап таңдағанан кейін сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принцпті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдынға өзінің міндетін борышын бар күш қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.