БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйрету проблемасы

Әрбір БАҚ-тың өз аудиториясы болады. атап айтқанда, мерзімді басылымдардың өзі өз оқырмандарын тарту мақсатында олардың талап-тілектерін, мақсат-мүдделерін әрдайым есепке алады. Телерадио саласы да түрлі бағдарламалар арқылы өз аудиториясын қалыптастыруға ұмтылады. Соңғы кездері телерадиобағдарламаларының белгілі бір күндерде, нақты уақыты белгіленген кезде эфирге шығуының өзі соның айғағы.

Қазіргі БАҚ-тағы озық техника мен технологияның өркендеуіне шет қалмау шарт. Сондай-ақ журналистиканың мән-маңызын атррыра беру зор міндет.

Журналистикадағы қазілгі демократиялық бағыт пен гуманистік позиция баршаға ортақ. Жер беріндегі күллі тіршілік те осынау үдеден шықса қанеки! Бұған журналистиканың алдымен қатысы барына еш күмән болмаса керек. Осындай жағдайда ған өркениет пен мәдениеттің бәйгесінде халықтық, ұлттық көкейкесті нәтижеге жетуге ұмтылатынымыз анық.

Халықаралық журналистика ізденістерін байқау, сөйтіп, елдік болмысымыздағы өз журналистикамызды одан әрі дамыта беру – негізгі мақсат болып қала береді.

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тәжрибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М.Ломоносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежедежұмысістеседе,қоғамдықақпараттықсаланыңқызметкерболыпесептеледі. Ол әркезжаңаныжақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет- журналнемесерадиомен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакцияжұмысындабірінші – ұйымдастырушылық,екінші — әдеби өңдеу,үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайоаткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.