Журналистикадағы нәтижелілік өлшемдері

Журналистикадағы нәтижелілік өлшемдері қазірде қоғамдық институттар тарапынан үйреніп, зерттелуде. Журналистиканың қызмет ету проблемалары өз қайтарымын беруге тиіс. Сол себепті соңғы жылдары журналистиканың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі ролі ерекше көзге түсуде.

Оның үстіне қоғамдық құрылыстағы жедел өзгерістер де журналистиканың алдына шығармашылық идеялар мен тақырыптарды әдеттен тыс ұсынары белгілі.

Сондайда әділдік пен шындық үдесінен шығу, оның ақ жолын табу оңай ма? Журналист пен БАҚ-қа жүктелер жауапкершілік пен міндетті адал орындау ше? Мұның бәрі айналып келгенде жанқиярлық еңбек пен табанды кәсіби күрескерлік арқылы жүзеге асатын жағдаяттар. Журналистің де, БАҚ-тың да ылғи алға ұмтылатын межесі осындай …

Планетадағы барша қауымды дүр сілкіндіріп, түн ұйқысын төрт бөлетін, кей-кейдегі келісу орнына қырғы қабақ соғыс өртінің тұтанып қалуын, терроризм мен экстремизм сияқты қантөгіске итермелейтін әректтерді немен ақтауға болады? Және оны бұқаралық ақпарат құралдары объективті түрде беруі бұлжымас талап! Сондайда журналистердің де құрбандыққа ұшырап, БАҚ-қа да қысым көрсетіліп қалатыны мынау мазасыз дүниедегі жасырын құбылыс есем. Журналист те бейбітшілік өмірдің жақтаушылары, сол қасиетті міндеттің күзет қырандары.

Міне, сайып келегнде әлем журналистикасының зор парызы осы болса керек.

… ХХІ ғасыр – ақпараттық ғасырға айналатыны бүгінде жиі айтылады.

… Бұған қоса журналистикада да жаһандану процесі жоқ емес.

… Ал ұлттық мүддені журналистикада қалай сақтап қала аламыз?

Осынау мәселелерді өз орнымен жүзеге асыруды ойластыру қажет-ақ, әрі бұл кезек күттірмейтін проблема. Әйтпесе, іздегенге шетел журналистикасының кемшіліктері де жетіп-артылады. Саяси өтірік-өсек, жала жабу, порнография т.б.