Журналистік қызмет нәтижесі тиімділігімен ерекшеленеді. Бүгінгідей жариялылық жағдайында журналистиканың жоғары нәтижелелігі екі өлшеммен айқындалады. Біріншісі – журналистиканың тіимділігі, екіншісі – журналисткианың пәрменділігі. Екі өлшем де журналистік қызметтің нәтижелілік проблемаларымен тікелей айналысады.
Журналистиканың әлеуметтік институт ретінде – басқа қоғамдық институттармен қарым-қатынаста болуы заңды. Сол арқылы ол әр саламен, жан-жақты жұмас істей алады. Демократия мен плюрализмді пайдаланады. Қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етеді.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шыққан «Баспасөздің төрт теориясы» деп аталатын Сиберт, Шрамм, Питерсонның еңбегі бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселелерді қозғауына байланысты журналистикада, саясатта, қоғамда кеңінен пікір туғызады. Біоақ оның бастапқы идеялары Еуропада жүздеген жыл бұрын айтыла бастаған еді. Аталған еңбек соның қорытындысы секілді көрінеді. Ал қарастырылған проблемалар БАҚ-тың қоғамдағы орны мен рөліне, қызметіне байланысты болып келеді:
- Баспасөздің авторитарлық теориясы.
- Баспасөздің либертариандық теориясы.
- Баспасөздің әлеуметтік жауапкершілік теориясы.
- Баспасөздің кеңестік коммунистік теориясы.
Осындай мәселелерге талдау жасалып, көзқарас пікірлер арқылы жүйеленіп қорытындыланады. Шетелде газеттер сапалық және бульварлық болып бөлінеді. «Сары басылымдар» да бар.
Қазіргі заманда Еуропа мен АҚШ қана емес, бүкіл әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдары алдында жаңа да, тосын проблемалар туындап отыр. Әлемдік саясаттың күнде өзгеріске түсіп, тұрақсыздануы, өмір-тіршіліктің бірқалыпты сыймайтындығы журналистерді де, ақпарат құралдарын да тың іздеістерге, соны әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Нарықтық қатынастың күрделі жайлары және бар.