Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқарудың азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, саяси партия және қозғалыстармен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен өзара қызмет саласын реттейтін Заңы. Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы», «Саяси партиялар туралы», «Авторлық құқық және аралас құқық», «Тіл туралы» Заңдары. Жеке аралас PR салалармен нормативтік актілер. Құқық шаруашылығы қатынастарының субьектілерінің жалпы заңдылықтарына қойылатын талаптар. Қоғамдық байланыс жобаларын жүзеге асырудағы келісім-шарт жүйесі. Келісім-шартты безендіру мәдениеті. Интернеттегі PR-дың құқық қолдану тәжірибесі. Темекі өндіру корпорациялары мен алкогольдық және әлсіз алкогольдық сусындар өндірушілерге арналған PR-науқандар.
Дәстүрлер, қоғамдық тәртіптер, мораль және қоғамдық пікір, мінез-құлық моделі, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени орта, өмір сүру салты, өмір сүру саласы. Кәсіби этика және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық ерекшеліктері. Журналистің кәсіби этикасы. Қоғамдық байланыс маманының іс-әрекетінің кәсіби тәртібі. Этикалық кодекстер (1995-1996 жж.) Іскери коммуникация саласындағы (50-ден астам елден мүшелері бар) мамандардың Халықаралық ассоциациясы. Хельсинкиде 1997 жылы маусымда болған PR-дың Бүкіләлемдік конгресінде қабылданған ҚБ сапаның шағын стандарттары: 1 категория – PR-қызметтегі үдеріс; 2 категория – PR-маманы меңгеруге тиіс әдістер, 3 категория – орындау, яғни қызметтің көрсетілу сапасы, 4 категория – PR-қызметкерлерінің жеке машығы. Сапалы PR барлық категорияның талаптарына жауап беруі керек. Мақсат пен этиканың қарама-қайшылығы болмауы тиіс.
Қоғамдық байланыстың ішкі және сыртқы ортасы.
Консалтинг (Counseling). Мекеменің қызметінің стратегиясын анықтау, оның сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынасы, коммуникацияны орнату мәселелері бойынша кеңес беру қызметін қамту.
Талдау (Research). Қоғамдық байланыс орнату қызметіндегі стратегиялық жоспарды жасау үшін қоғамдық пікірді және қоғамдық мінез-құлықтың заңдылықтарын зерттеу.
БАҚ-пен жұмыс (Media Relations). Паблиситиді қамтамасыз ету үшін БАҚ-пен қызметтік байланыстар орнату немесе мекеменің мүддесіне орай БАҚ-пен өзара қызмет.
Паблисити (Publicity). Мекеменің мүддесін қорғау мақсатында дайындалған PR-жолдауларды осы мақсатқа арнайы іріктелген коммуникация құралдары көмегімен тарату.
Персоналдармен жұмыс (Employee/Member Relations). Қызметкерлерді толғандыратын мәселелерді талдап, шешу; қызметкерлерге мотивация жасау.
Қоғамдастықтармен жұмыс (Community relations). Қоғамдастықтармен жағымды байланыс орнатудағы жоспарлы жұмыс.
Қоғамдық байланыс (Public Affairs). Қоғамдық өмірге белсенді қатысу, сондай-ақ, ұйымды қоғамдық қозғалыстарға бейімдейтін іс-шаралар жүргізу.
Үкіметтік ұйымдармен жұмыс (Government Affairs). Заңдық және өзге де барлық мемлекеттік ұйымдармен ( мемлекеттің мақсатын, қызметін көздейтін) тікелей жұмыс.
Ағымдағы саясат мәселелері (Issues Management). Мекеменің де қызметіне әсер ететін қоғамдық мәнді мәселелерді анықтау.
Қаржылық байланыстар (Financial Relations). Инвесторлардың сенімін туғызып, қолдау, қаржылық қоғамдастықтармен жағымды байланыстар орнату.
Өндірістік қарым-қатынастар (Industry Relations). Бір салада жұмыс істейтін өзге мекемелермен байланыс. Салалық ассоциациялармен жұмыс.
Құралдарды жинау/дамыту (Development/Fund-Raising). Мекемені қоғамдық қолдаудың қажеттілігін дәлелдеу.
Арнаулы іс-шаралар (Special Events). Тұлға, тауар немесе мекеменің мүддесін тұрақтандыру.
Маркетингтік коммуникациялар (Marketing Communications). Тауарды (қызмет, идея) сатуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы.