Баспасөз туралы Заң және баспасөз еркіндігі

Баспасөз туралы Заң және баспасөз еркіндігі адамзат баласын көне заманнан бері толғандырып келеді. Құқықты мемлекет жағдайында баспасөздің бостандығы заңмен реттеледі. Елімізді баспасөз бостандығы жайлы ҚР Конституциясында және БАҚ туралы Заңда атап көрсетілген. Бұл Заңдарды қадағалау және бақылау құқықтық органдар тарапынан жүзеге асырылады.

Міне, ХХІ ғасырға адамзат зор жетістіктермен, ілгерішіл әлеуметтік-экономикалық табыстармен еніп отыр. Дәл осы өркениеттік үрдіспен қоғамдық жаму да алға басып барады. Сонау «гома-сапиенс» дәуірінен, сана пайда бола бастаған кезеңнен тарихты көктей өтіп, қазіргі ақыл-ойдың, қоғамдық өркендеудің дәрежесінен қарасақ, талай-талай рухани өзгерістерді, қол жеткен биіктерді ауыз толтырып айтуға болады.

Соның бір парасы, әрине, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының кең қанат жаюы дер едік. «Газет – халақтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші (А. Байтұрсынов), көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау газет-журнал, радио, телевидениенің прогрестік мәнінен айқын аңғарамыз. Ақпараттық технология барған сайын өз мүмкіндіктерін тереңдей ашуда.

Сонау ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан басталатын кәсіби журналистиканың наңты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. 1776 жылы саясатшы әрі публицист Э. Берк айтқандай, БАҚ-ты «төртінші билік» санап, көпшілік арасында пікір қалыптасып кеткені секілді, журналистикада жаңа көзқарас, ұғымдар пайда болып отыр. Бұл да жайдан-жай құбылыс емес. БАҚ-қа деген ерекше ықылас, назар аударудан туған оң тенденция, халықтық ниет-пиғылдан келіп шығатын пікір-түйіндер нәтижесі.

Әлемдік журналистика дегенде (оның ішінде қазақ журналистикасы да бар) даму, қалаптасу жолдары өзара ұқсастықтарымен де, өзіндік өзгешеліктермен де ерекшеленетіні белгілі жәйт. Неге десеңіз, журналистика – қайда да журналистика. Мейлі Еуропа, мейлі Азия, мейлі Америка болсын, оның міндет-борышы замана талабына орай қалыптасады. БАҚ пен журналист Францияда, АҚШ-та немесе Жапония мен Қырғызстанда т.б. жер шарындағы екі жүздей мемлекетте күнделікті істерін тиісінше атқаруда.

13лекция. Баспасөз туралы Заң және баспасөз еркіндігі

  1. Баспасөз бостандығы
  2. Ресми баспасөз
  3. Тәуелсіз баспасөз

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Амандосов Т.Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы 1978ж.
  2. Амандосов Т. Публицистика – дәуірі үні Алматы. 1974ж.
  3. Амандосов Т, Елеукенов Ш, Қожакеев Т, Ыдырысов Т. Газет жанрлары Алматы. 1964ж.
  4. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы. 1959. 243-бет.
  5. Кольцов М Писатель в газете. М. 1961ж.
  6. Қабдолов З. Жебе Алматы. 1977ж.
  7. Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы. 1958ж.
  8. Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы. 1983ж.
  9. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет Алматы. 1982ж.
  10. Омашев Н. Жол үстінде журналист Алматы. 1999ж.
  11. Омашев Н. Белестер Алматы. 1999ж.
  12. Проблематика газетных выступлений М. 1975.
  13. Прохоров Е.П. Эпистолярная публицистика М. 1966.
  14. Ысқақов Д. Әдеби – көркем сын. Алматы. 1987ж.
  15. Назарбаев Н. Журналистикаға кіріспе табалдырығында. Алматы. 1998ж.
  16. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Ученова В.В. Публицистика и политика. М. 1999ж.
  2. Журналистика и перестройка. М. 1989ж.
  3. Бурлацский Ф. Новое мышления. М. 1989ж.
  4. Әшімбаев С. Театр сыны. А. 1989ж.
  5. Крикунов Ю.А. Моральная тема в газете. А. 1984ж.
  6. Гороника Н.С. Стиль русской театральной критики. М. 1974ж.

Лекцияның мәтіні:

Баспасөз бостандығы туралы түсінік ең алдымен, қажеттілік, жауапкершілік туралы ұғымдарды басты назарда тұтады. Демократияның өзі Заңды құқықтар негізінде орындалатындығы о бастан белгілі. Баспасөзде, телерадиода баспасөз бостандығы жайлы мәселелер аз көтерілмейді. Бұл мәселелерді талқылайтын сараптайтын және зерттейтін қоғамық ұйымдар да бар.

Әлемдік журналистиканың аймақтық, сондай-ақ әрбір мемлекеттік және ұлттық мәселелерге сай жұмыс істеуі қалай? Бұған байланысты түрліше көзқарастар мен принциптерге көз жұмып қарауға болмайды. Сондақтан да журналист пен БАҚ-тың алға қойған мақсат-мүддесі мен позитциясын анықтау керек. Мұның өзі сайып келгенде, саясат пен қоғам дамуына, елдік мүддеге қатысты болып келеді де, журналистиканың әр жерде өзіндік ерекшелігі болатыны жоққа шағарылмайды. Біздің республикамызда БАҚ мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді, соған орай жұмыстары өрбиді. Бірақ лицензиялық-құқықтық жауапкершілікті ұмытпау лазым.

Негізінде қай елдің бұқаралық ақпарат құралы болсын, олардың әлемге ортақ белгілерімен бірге, сол елдің Конституциясына және жекелеген заң актілеріне сәйкес ұстанымдары пайда болады. Ортақ мәмілелер ЮНЕСКО-ның құзырына түйіседі де, ал мемлекеттердің саналуан бұқаралық ақпарат құралдарының жұмас істеу әдіс-тәсілдері белгілі бір нормаларға сүйенеді. Сондай баңыт-бағдар бойынша іс-әрекет танытады.

Дамыған елдердің көпшілігінде конституциялық тұрғыда баспасөз бостандығына шәк келтірмейді, азаматтардың сөз бостандығы құқығын сақтау мағынасындағы тұжырымдар жасалған. Айталық Еуропа мемлекеттері мен АҚШ мұны әжептәуір қарастырған.

Біздің Қазақстанда да аталмыш концепция Конституциямызда айқын көрсетілген. Мысалы 20-бапта былай деп жазылған: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым саланады».

Соңғы онжылдық көлемінде бізде ғана емес, Еуропаның бірқатар елдерінде конституциялық жаңа тұжырымдар мен кейбір өзгертулер халықаралық нормаларды ескере отырып енгізілген. Онда әдеттегідей сөз, баспасөз бостандығы болумен бірге, белгілі бір мөлшерде ақпараттық шектеушілік те ұщырасады. Неге бұлай десек – ұлттық қайіпсіздік пен қоғамдық тәртіп және мораль мен азаматтардың жеке бас құқығыны айтылады.