Журналистиік қызметтің құқықтық негіздері

Біздің елімізде БАҚ-тардың қызметін реттестіретін БАҚ туралы ҚР Заңы қабылданған. Сондай-ақ баспасөз және БАҚ бостандығы жайлы ҚР Конституциясында нақты айтылған. Елімізде цензура келмеске кеткен.

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тәжрибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М.Ломоносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежедежұмысістеседе,қоғамдықақпараттықсаланыңқызметкерболыпесептеледі. Оләркезжаңаныжақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет- журналнемесерадиомен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакцияжұмысындабірінші – ұйымдастырушылық,екінші — әдеби өңдеу,үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайоаткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуымен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.