Журналистика – қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы

Журналист ең алдымен өзіне қажетті материалдарды қоғамның өзінен алады. Қоғамнан тыс өмір сүру мүмкін емес деген қағида осы сөзіміздің дәлелі. Әрине, қоғамда болатын өзгерістерді осы орайда зерттеу, үйрену, талдау қажет емес деген ұғым туындамаса керек. Қоғамды, оның сан-салалы қырларын үйренуге деген құштарлық журналист үшін басты нәрсе.

Бүгінде журналист үшін жергілікті жағдайда барлық мүмкіндіктер жасалған. Қоғамда БАҚ жұмыстарын реттеуге арналған Заң қабылданған. Сөз бостандығы қамтамасыз етілген. «Цензура» жоқ. (тиым). БАҚ туралы заңның 2-бабында дәл осылай нақты көрсетілген. БАҚ-тың бәсекелестігі бар. Өмір сүре алу, өмір сүре алмау, БАҚ-тың өміршеңдігін сақтау, әрбір редакцияның, оның барлығы да журналистер ұжымының, редакция басшыларының өз қолында. Нарық, заманының қатал талабы осыны меңзейді.

Қай заман болмасын, журналист өз деңгейінде қоғамда болып жатқан оқиғаларға тиісті баға береді. Уақыт талабына сай өздерінің еңбегін ұсынады. Кеңестік дәуірде журналист қоғамдағы бір ғана биліктің, яғни комунистік партияның мүддесін ғана қорғады. Соған қызмет етті.

Тәуеліздік кезеңінде қазақ журналистикасы өз алдына шаңырақ құрды. Дербес мемлекет алдында тұрған міндеттерді уақыт және БАҚ туралы заң талаптарына сай жүзеге асыруға ұмтылуда. Жалпы қазақ журналистикасында ұлттық идеяны көтере білумен ерекшеленді, алайда бұндай үрдіс бүкіл қазақ журналистикасында бұл қасиет әлі де жоққа тән. Журналистика қоғамды зерттейтін мәселелерді талдап қана қоймай, құбылыстардың түбіне терең үңілуі – басты міндет болып табылады.

Бір мәселе бойынша түрлі ой-пікірлердің болуы, бүгінде, яғни плюрализмнің орын алуы бүгінгі таңда өте қажет боп есептеледі. Плюрализм – түрлі ой-пікірлер деген сөзді білдіреді.

Журналист қоғамның жахандану жағдайында өмір сүреді. Бір мемлекеттің деңгейінде шектеліп қалу мүмкін емес. Бұндайды авторитарлық жүйе қалыптасып, ой-пікірде плюрализм орнына бір жақты ойлау жүйесі орнығады. Сондықтан журналистика әлемдегі барша жағдайларға, өзгерістер мен құбылыстарға сергек қарағаны жөн.

Жахандану – болмай қоймайтын үрдіс. Шет елмен байланыс орнату, өзара тәжірибе алмасу бүгінде елімізде кең түрде жүзеге асуда.