Журналистика қазіргі қоғамда 4-ші билік болып есептеледі. Демократиялық қоғамда билік жүйесі 3 тармаққа бөлінеді:
- Президенттік билік.
- Өкіметтік билік.
- Сот билігі.
Журналистика қоғамдық пікірді қалыптастырады. Қоғам экономикасында, рухани салада болып жатқан жаңалақтарды өз аудиториясындағы оқырманға ұсынады.
БАҚ – бүгінгі таңда өз аудиториясы үшін күреседі. Себебі, бұның өзі нарық заңы, ал нарық талаптары қатал. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газеті – Президент бағытындағы газет, яғни оның бетіндегі материалдар ресми сипат алады.
Президент, Парламент қабылдаған жарғы, заңдар міндетті түрде осы газетте ғана жарияланады. Ал өзге басылымдар, мәселен, құрылтайшылары ЖШС, фирма немесе коммерциялық түзілімдер болған жағдайда бұндай БАҚ-тар тәуелсіз БАҚ болып есептеледі.
Журналист бүгінгі таңда республикамызда өзіндік мектебі, дәстүрі бар салаға айналды. Әлеуметтік-экономикалық, халықаралық, рухани және т.б. салалар бойынша шебер журналистер мектебі қалыптасты.
Қазіргі таңда журналистикасыз өмірді елестету мүмкін емес. Кешегі күндері бұқаралық ақпарат құралдарына газет және журналдар енсе, бүгінгі таңда теледидар, радио, коммуникация жүйелері қосылды. Ал интернет осылардың барлығын бір өзіне жинаған.
ҚР журналистикасының әлемде өзіндік орны бар. Біздің елімізде соңғы жылдары қатарынан 6 рет әлемдік медиафорум өтті. Бұған әлемнің түкпір-түкпірінен айтулы басылымдардың өкілдері қатысты. Телерадио құрал жабдықтары заман талабына жауап береді. Сондықтан техникалық жақтан әлемдік стандарттарға толық сай келеді.