- Әдеби дәстүр шығармадан әрдайым өз көрінісін табады. Ал шығарманың күрделілінгі сан қырлы құбылыс. Швығарманың дәстүріне жазушы немесе ақын яки драмматург өз ойын немесе замана шындығын көркем бейнелеу үшін қатыстырады. Бұл тәсіл әрі ұтымбы әрі тиімді. Қазақ әдебиетінде М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында замана шындығын көркемдік бейнелеуде заман көрінісін аңыз, эссе секілді әдеби түр арқылы берген. Әдеби дәстүрде көркем шығармада қолдануда шығармашылық тұрғыда қарастырған.
Әдеби дәстүр қаламгердің өз шығармасындағы оқиғаны яки кейіпкерлер бейнесін даралау үшін қолданылатын тиімді тәсіл болып табылады.
- Әдебиеттегі жаңашылдық әдеби үдерістегі басты ерекшеліктердің бірі. Атап айтқанда, 18-19ғасырда ақындар жырлаған өлеңдер мен 20ғасыр әдебиетіндегі өлеңдердің арасында да айырмашылық өте көп. 20ғасырдың басындағы қазақ поэзиясында бірқатар жаңашылдық байқады. Орыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ поэзиясында өлеңнің құрылысы, түрі өзгерді. В. Мояковскийдің өлеңдері секілді қазақ әдебиетінде С. Сейфуллиннің өлеңдері жаңалық әкелді. А. Чеховтың әңгімелеріндегі жылы юморды қазақ жазушысы Б. Майлиннің шығармаларынан көптеп кездестіруге болатындығы белгілі.
- Әдебиеттің әдеби дәстүр мен жаңашылдықтың өзара байланысы үнемі бірлікте қарастырылады. Әрине әдебиетте көбінесе әдеби дәстүр өзінің орныққан қалыптасқан қал пымен көзге бірден түседі. Мысалы орта ғасырда да әдебиеттің классыкалық түрлері классицизмнің әдеби дәстүр ретінде орын алуы романтизм мен реализм нің пайда болуына әсерін тигізді. Сонымен әдеби дәстүр алғашқыда жаңашылдық сипатта болады. Әдеби орта бұл үдерісті толық мойындағанда ғана ол әдеби дәстүрге енеді. Мысалы, қазақ поэзиясының әлемінде Абайдың алты буынды өлеңдері І. Жансүгіровтың поэзиясындағы 6-8-12жолдан құрылған шумақтары қазақ әдебиетінде жаңалық болып есептелді.