- Лирика (грекше лира-ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музика аспабы)-әдебиеттің Аристотель заманынан бергі келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл- күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбюіне, өлеңмен жазылады. Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы автордың өз басының алуан- алуан нәзік түсініктері, күйініш -сүйініші тән болып келеді.Ақын басынан кешкен сезім , ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс – субьективті нәрсе; бірақ, сонымен қатар кәдімгі обьективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, -лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирикалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-жапсарын аңғарып отырады.
- Лириклық жанрдың табиғаты өзінің көркемдік ерекшелігімен айқындалады. Поэзиялық жанрға сай ұтқыр әрі үйлесімді қасиеттер осы жанрға тән.Сөз өнерінің өзге тектері (эпос және драма) тәрізді лириканың да суреттейтін құбылыстары көп. Қандай суреткер болсын, көркем шығарма жазудағы мақсат – адамды көрсетіп қана тану емес, адам арқылы қоғамды, мүмкіндігінше, өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алып қарасақ, лириканың өзге тектерге, айталық, эпосқа принцптік қайшылығы жоқ, олардан тек тәсіл жағынан айырмасы бар.
- Лириканың бірнеше түрлері бар. Дастан, жыр, поэма, өлең, баллада, сонет. Лирика жанрының әрбір түрі өзіне сәйкес ерекшеліктерге ие. Атап айтқанда, поэма өзінің ауқымы, оқиғаны суреттеуі, психологиялық иірімі жағынана алап қарағанда баллададан едәуір көлемді, ауқымды. Жоғарыда айттық, эпостық шығармалардың өмірдегі қат-қабат, шытырман оқиғаларды суреттеуде мүмкіндігі лирикадан әлде қайда мол, құлашы кең. Эпикалық шығармалардың көбі сюжетке құрылады. Адам обраэын жан-жақты бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім. Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен, эпосқа қарағанда, әлде қайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді.