Кәсіби жобадағы қызметтің мазмұны

Қоғамдық байланыстың жобаны басқарудың негізгі функциялары: мекеменің қажеттілігі мен мүдделерін қанағаттандыру мақсатымен аудиторияның пікірі мен іс-әрекетін бақылау; қоғамға бағытталу; үйым мен аудитория арасындағы өзара пайдалы қарым-қатынасқа жету.

Мекеме қолдауына немесе өзара түсіністікке мұқтаж адамдардың тобын анықтау үшін проблеманы талдау, мақсатты айқындауға арналған бағдарлама және қажетті іс-шараларды жоспарлау.

Мекеме мен түрлі адамдардың түрлі топтарының арасындағы орнатылған өзара байланыстар нәтижесінде ақпаратты дұрыс жинап, өңдеп, нұсқаулар жасау.

Ішкі және сыртқы топтарға арналған жарияланымдар, мақалалар, өзге де ақпараттық материалдарды дайындап, шығару.

Ақпаратты баспасөз, радио, теледидар, интернет арқылы таратудың жүйесін орнату, баспагерлердің ақпаратқа қызығушылығын оятып, қалыптастырып, қолдау.

Өндірістің техникалық қырларын білу үшін жарияланымдар, фильм, бағдарлама, мультмедиа, фотосуреттерді осы мәселелермен шұғылданатын мамандармен тығыз байланыста ұйымдастыру.

Баспасөз мәслихатын, көрмелер, демонстрация, салтанатты мәжілістер, марапаттаулар сияқты арнаулы іс-шараларды ұйымдастыру. Бұл – мұқият жоспарлап, буклет, өзге де ақпараттық хабарламаларды жасауды қажет етеді.

Өзгелер үшін баяндама дайындау және көпшілік алдында сөз сөйлеу.

Интервью, кітапхана, бейресми әңгімелесулер, қоғамдық пікірді зерттейтін мамандарды пайдалану арқылы жиналған ақпаратты бағалау және зерттеу.