- Көркем шығармадағы сюжет мәселесі әдебиет теориясындағы басты тұжырымдардың бірі. Сюжетке негізделген шығармалар ауыз әдебиеті үлгілерінде кездеседі. Бүгінде әдебиеттану саласында сюжет мәселесі жайлы әдебиетші ғалымдар мен әдебиет танушылардың пікірлері сан алун.Тақырыптың идеялық көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның атқарар ролін ешнәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Соған қарамастан бір таңқаларлық нәрсе осыларды әркім әр күйге түсіреді: сюжетте біреулер құбылысқа, біреулер оқиғаға, біреулер фабулаға теліп жатса, композицияны біреулер жүйеге, біреулер архитектоникаға, біреулер конструкцияға сайып жатады.
- Сюжеттің көркемдік идеялық қызметі ерекше. Сюжеттің өзі көркемдік идеяға тікелей қызмет етуге тиіс. Композиция (латынша – Composito – құрастыру, қиыстыру). Бірер сөзбен айтқанда көркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап, тек пішінге қарай байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнымен тікелей байланысты нәрсе: ол — әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясыда емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
3.. Сюжет пен фабула туралы ой пікірлер бір-біріне байланысты. Сюжет пен фабуланы бөлек қарауға параллель жасаушылар сюжетті — әрекет, фабуланы оқиға деп ұғатыны мәлім. Жә, сондай-ақ болсын. Бірақ әрекетсіз оқиға бола ма? Немесе өзара тұтасып оқиғаға айналмаған қимылды жүйелі әрекет деуге бола ма? Болмайды. Ендеше, оқиғаны әрекет фабуланы сюжеттен болмайды. Екеуін бір ұғымға сыйғыза тексерген Л.Тимофеев пен Шепелованың толғамдарынан толып жатқан нанымды дәлелдер бар.